Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1509 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 294 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі жекелеген шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1509 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Ауыспалы тоққа арналған бір фазалы электр
энергиясын есептегіштер 9028 30 110".
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі