Астана қаласында «Ақ Орда» опера және балет театрын ашу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 22 қаңтар № 114
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 43 Қаулысымен күші жойылды
Астана қаласын елдiң саяси және мәдени астанасы ретiнде одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Астана қаласының әкіміне:
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң қатысуымен 2000 жылы Астана қаласында қазыналық мемлекеттік мекеме - «Ақ Орда» опера және балет театрын (бұдан әрi - Театр) құру;
Театрдың қызметкерлерiн басымдықты тәртiппен тұрғын Үймен қамтамасыз ету ұсынылсын.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.05. № 507 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны 2000 жылдың 10 маусымына Теміржолшылардың мәдениет сарайын қайта жаңартуды аяқтасын және аяқталғаннан кейiн заңдарда белгiленген тәртiппен онда Театрды орналастыру үшiн Астана қаласы әкімінiң балансына берудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігі Театрдың шығармашылық ұжымын, репертуарын қалыптастыруға
ноталық материалдарын, аспаптарын сатып алуға жәрдемдессiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
Астана қаласының әкімімен бiрлесiп заңдарда белгiленген тәртiппен 2001 жылы Театрды коммуналдық меншiктен республикалық меншiкке берудi;
Театрды 2001 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі