Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қарашадағы N
1748 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 23 қарашадағы № 1771 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 181 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының әуе кемелері ұшуының қауіпсіздігі жағдайын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қарашадағы № 1748 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының әуе кемелері ұшуының қауіпсіздігі жағдайын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімі меңгерушісінің орынбасары - Серік Нұртайұлы Баймағамбетов енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Қайрат Әбдіразақұлы Мәми шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі