«6. Жылжымайтын мүлiкке меншiк кондоминиум нысанында пайда болуы мүмкiн, бұл жағдайда жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың дара (бөлек) меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек меншiкте емес бөлiктерi ортақ үлестiк меншiк құқығымен жылжымайтын мүлiк бөлiктерiнiң иелерiне тиесiлi болады.
Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесi оның жылжымайтын мүлiктiң өзiне тиесiлi бөлiгiне бөлек меншiгiнен ажырағысыз.
Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiнiң мөлшерi мен оны ұстауға арналған шығындарға қатысу дәрежесi, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүлiктiң дара (бөлек) меншiктегi бөлiктерiнiң мөлшерiне байланысты болады.
Кондоминиумның әр алуан түрлерiнiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi заң актілерімен айқындалуы мүмкiн.»;
70) 221-баптың 2-тармағында «заңмен» деген сөз «заң актілерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
71) 223-баптың 2-тармағында «тиесiлi» деген сөз «тиесiлi болған» деген сөздермен ауыстырылсын;
72) 227-баптың екiншi абзацындағы «Қазақстан Республикасының Тұрғын үй кодексiнде» деген сөздер «тұрғын үй қатынастары туралы заң актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
73) 228-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiгiнде «шаруашылық» деген сөз алып тасталсын;
екiншi бөлiгiнде «ортақ шаруашылық мақсатқа жету үшiн» деген сөздер «табыс табу немесе заңға қайшы келмейтiн өзге де мақсатқа қол жеткiзу үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта «шаруашылық» деген сөз алып тасталсын;
74) 230-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын:
«егер осы тараудың нормаларында өзгеше көзделмесе, басқа заң актілерімен немесе бiрлескен қызмет туралы шартпен» деген сөздермен толықтырылсын;
75) 231-баптың мәтiнiнде «шаруашылық» деген сөз алып тасталсын, «болуы мүмкiн» деген сөздер «пайда болған» деген сөздермен толықтырылсын;
76) 233-баптың 4-тармағында құрылтай құжаттарында деген сөздер «консорциалдық келісімде» деген сөздермен ауыстырылсын;
77) 240-баптың 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң қазақша мәтiнi өзгертiлмесiн;
78) 243-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«243-бап. Меншiк иесi бар тартқан жылжымалы заттар
1. Меншiк иесi тастаған немесе оларға меншiк құқығынан бас тарту мақсатымен өзгеше түрде қалдырып кеткен жылжымалы заттар (тасталған заттар) осы баптың 2-тармағында көзделген тәртiппен басқа адамдардың өз меншiгiне айналдырылуы мүмкiн.
2. Меншiгiнде, иелiгiнде немесе пайдалануында құны жиырма айлық есептiк көрсеткiшке сәйкес сомадан көрiнеу төмен тасталған мүлiк не тасталған металл сынықтары, жарамсыз өнiм жатқан жер учаскесi бар адамның ол заттарды пайдалануға кiрiсiп немесе осы заттарды меншiгiне қаратқандығына куә болатын өзге де iс-әрекет жасап, оларды өз меншiгiне айналдыруға құқығы бар.
Басқа тасталған заттар, егер осы адамның арызы бойынша оларды сот иесiз деп таныса, оларды иеленуге кiрiскен тұлғаның меншiгiне кiредi.»;
79) 251-баптың 1-тармағындағы «заң құжаттарында немесе» деген сөздер алып тасталсын;
80) 253-баптың 1-тармағында «мемлекеттік өкiмет және басқару органдары» деген сөздер «мемлекеттік органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
81) 261-баптың 3-тармағындағы «бiрiншi бөлiгiнде» деген сөздер 1-тармағында деген сөздермен ауыстырылсын;
82) 269-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
83) 281-баптың 4-тармақшасындағы «негiзгi» деген сөз «жаңа» деген сөзбен ауыстырылсын;
84) 287-баптың 4-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң қазақша мәтiнi өзгертiлмесiн;
85) 291-бапта:
1-тармақтағы «нотариаттық кеңсенiң» деген сөздер «нотариустың» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақшадағы «нотариаттық кеңсенiң», «Нотариаттық кеңсе» деген сөздер тиiсiнше «нотариустың», «Нотариус» деген сөздермен ауыстырылсын;
86) 293-баптағы «заңмен» деген сөз «заңдармен» деген сөзбен ауыстырылсын;
87) 299-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацындағы «заң құжаттарында белгiленген алымдарды шығарып» деген сөздер «осы Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай» деген сөздермен ауыстырылсын;
88) 301-баптың 5-тармағындағы «шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң» деген сөздер «адамдардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
89) 311-баптың 1-тармағындағы «алдындағы кепiл ұстаушылардың талаптарынан» деген сөз тiркесi»...талаптары қанағаттандырғаннан» деп толықтырылсын;
90) 325-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
91) 328-баптың 5-тармағындағы «кепiлге қойылған мүлiктi сату үшiн белгiленген тәртiп бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
92) 339-бап мынадай редакцияда 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мiндеттеменiң жекелеген түрлерi бойынша талап ету құқығын берудiң ерекшелiктерi заң актілерінде белгiленуi мүмкiн.»;
93) 344-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мiндеттеменi оның кепiл болушысы, тапсырушысы немесе осы мiндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепiлге зат берушiнiң орындалуы нәтижесiнде;»;
94) 348-бап мынадай редакциядағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мiндеттеменiң жекелеген түрлерi бойынша қарызды аудару ерекшелiктерi заң актілерінде белгiленуi мүмкiн.»;
95) 350-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер мұның өзi мiндеттеменi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен жалтару мақсатымен жасалғанын дәлелдесе, несие берушi борышқордың, сондай-ақ оның мүлiк иесiнiң кез келген iс-әрекетiн жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.»;
96) 354-баптың 3-тармағындағы «босатпайды» деген сөз «босатады» деген сөзбен ауыстырылсын;
97) 357-баптың 2-тармағындағы «не негiзгi борышқордың есебiнен өндiрiп алу» деген сөздер алып тасталсын;
98) 358-баптың 2-тармағындағы «заңмен» деген сөз «заңдармен» деген сөзбен ауыстырылсын;
99) 364-баптың 2-тармағындағы «заң» деген сөз «заң актілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
100) 368-бапта 2-тармақ алып тасталсын;
101) 370-бапта:
2-тармақтың 5) тармақшасында «заңда» деген сөз «заңдарда» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа бiрiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«3. Талап өзгеге өткен жағдайда борышқор жаңа несие берушiнiң талабына қарсы өзiнiң бастапқы несие берушiге керi талабын есепке жатқызуға құқылы.»;
102) 372-баптың 1-тармағының қазақша мәтiнi өзгертiлмесiн;
103) 390-баптың 7-тармағының қазақша мәтiнi өзгертiлмесiн;
104) 401-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда (шарттан тиiсiнше iшiнара немесе толығымен бас тарту (осы Кодекстiң 404-бабы) шарт өзгертiлдi немесе бұзылды деп есептеледi.»;
105) 403-баптың 4-тармағындағы «заңда» деген сөз «заң актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
106) 404-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«404-бап. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту
(шарттар бас тарту)
1. Шартты орындаудан бiржақты бас тартуға (Шарттан бас тартуға)
осы Кодексте, өзге де заң актілерінде немесе тараптардың келісімiнде
көзделген жағдайларда жол берiледi.
2. Тараптардың бiрi, атап айтқанда:
1) шартқа негiзделген мiндеттеменi орындау мүмкiн болмаған (осы Кодекстiң 374-бабы);
2) белгiленген тәртiппен екiншi тарапты банкрот деп таныған;
3) шарт жасалғанда негiзге алынған мемлекеттік органның актiсi өзгертiлген немесе күшi жойылған жағдайларда шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
3. Егер заң актілерінде немесе тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, шарт мерзiмi көрсетiлмей жасалған жағдайда шартты орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiледi.
4. Егер осы Кодексте, басқа да заң актілерінде немесе тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда бiр тарап бұл туралы екiншi тарапқа бiр айдан кешiктiрмей ескертуге тиiс.
2. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (жалпы бөлiм) күшiне енгізу туралы 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысында:
4-тармақтың бiрiншi абзацы алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Азаматтық кодекстiң (жалпы бөлiм) 240-бабының күшi (сатып алу мерзiмiнiң ескiруi) мүлiктi иелену 1995 жылғы 1 наурызға дейiн басталған және осы Кодекс күшiне енгiзiлгенге дейiн жалғасқан жағдайларға да қолданылады.».
Қазақстан Республикасының
Президентi