Республикалық бюджеттiң 1995 жылы жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге
асыруға бағытталған қаражатын бөлу туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің қаулысы 1995 жылғы 5 қазандағы
№ 1310
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
"1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 15 наурыздағы Заң күшi бар № 2120 Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заң күшi бар № 2371 Жарлығын орындау үшiн 1995 жылы жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігінiң 1995 жылы республикалық бюджетте жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға арналып көзделген 2622813 мың (екi миллиард алты жүз жиырма екi миллион сегiз жүз он үш мың) теңге мөлшерiнде қаражат бөлу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Республиканың облыстары мен Алматы қаласы бойынша 1995 жылға арналған:
халықтық әлеуметтiк қорғалатын бөлiгi үшiн мемлекеттік тұрғын үй құрылысына арналған күрделi қаржының көлемi 1-қосымшаға сәйкес;
10 және одан да көп жыл тұрғын үй алудың кезегiнде тұрған отбасыларына өтеусiз дотацияның көлемi 2-қосымшаға сәйкес;
құрылыс салуға ұзақ мерзiмдi кредит беруге немесе мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден алынған қаражат есебiнен азаматтардың тұрғын үй алуына арналған ресурстардың көлемi 3-қосымшаға сәйкес;
коммуналдық шаруашылық объектiлерiнiң құрылысына арналған күрделi қаржының көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі мен Еңбек министрлігінiң өзiнiң тарихи отанына оралған қоныс аударушылардың отбасыларын орналастыруға арнап облыстар мен Алматы қаласы бойынша қаржының көлемiн Қазақстан Республикасының Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мемлекеттік қорының қаражаты есебiнен 5-қосымшаға сәйкес бөлу туралы ұсынысы қабылдансын.
4. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік банкiмен не мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен бiрлесiп, осы қаулының 1-5 қосымшаларында көзделген қаражатты тиiмдi игеру мен мақсатты пайдалану жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі осы жұмыстарды жалпы үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi осы қаулыда көзделген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау орнатсын және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне мезгiл-мезгiл хабарлап отырсын.
ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.20.
№ 1031 қаулысымен.
6. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi осы қаулымен көзделген тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық объектiлерi құрылысының жүргiзiлу барысы туралы ақпараттың ай сайын берiлiп тұруын қамтамасыз етсiн.
7. "1995 жылы жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыру үшiн республикалық бюджетте көзделген қаржыны пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 маусымдағы № 773 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 6 қазандағы
№ 1310 қаулысына
1-қосымша
Халықтың әлеуметтiк қорғалатын бөлiгi
үшiн 1995 жылы мемлекеттік тұрғын үй
құрылысына арналған күрделi қаржының
көлемi
/мың теңге/
Барлығы 398363
Оның iшiнде облыстар бойынша:
Ақмола 32519
Ақтөбе 15515
Алматы 5457
Атырау 13664
Шығыс Қазақстан 26500
Жамбыл 12824
Жезқазған 10564
Батыс Қазақстан 19016
Қарағанды 24859
Қызылорда 13711
Көкшетау 11336
Қостанай 33929
Маңғыстау 17755
Павлодар 17283
Солтүстiк Қазақстан 10663
Семей 25517
Талдықорған 13823
Торғай 6065
Оңтүстiк Қазақстан 22510
Алматы қаласы 64853
Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1995 жылғы
5 маусымдағы № 204-ө-28 қ. көзделген көлемдер ескерiлсiн.
Ескертпе: Объектiлер мен тапсырыс берушiлердiң тiзбесiн
облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi
Қазақстан Республикасының Экономминiнiң және
Қаржыминiнiң келiсуi бойынша Қазақстан Республикасы
Құрылысминiнiң бекiтуiне ұсынады.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 6 қазандағы
№ 1310 қаулысына
2-қосымша
10 және одан да көп жыл тұрғын үй алу
кезегiнде тұрған отбасыларына 1995
жылғы өтеусiз дотацияның
көлемi
/мың теңге/
Барлығы 76950
Оның iшiнде облыстар бойынша:
Ақмола 12296
Ақтөбе 4571
Алматы 508
Атырау 878
Шығыс Қазақстан 7733
Жамбыл 824
Жезқазған 2309
Батыс Қазақстан 7681
Қарағанды 3855
Қызылорда 539
Көкшетау 2670
Қостанай 3578
Маңғыстау 2855
Павлодар 2193
Солтүстiк Қазақстан 8471
Семей 4109
Талдықорған 1031
Торғай 377
Оңтүстiк Қазақстан 3416
Алматы қаласы 7056
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 6 қазандағы
№ 1310 қаулысына
3-қосымша
Құрылыс салуға ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi кредит
беруге немесе мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден
алынған қаражат есебiнен азаматтардың тұрғын үй
алуына арналған ресурстардың 1995 жылғы
көлемi
/мың теңге/
Барлығы 1960000
Оның iшiнде облыстар бойынша:
Ақмола 170718
Ақтөбе 64792
Алматы 43990
Атырау 21190
Шығыс Қазақстан 122898
Жамбыл 204355
Жезқазған 122583
Батыс Қазақстан 86847
Қарағанды 62617
Қызылорда 75391
Көкшетау 35772
Қостанай 94300
Маңғыстау 38848
Павлодар 91683
Солтүстiк Қазақстан 146860
Семей 74515
Талдықорған 128196
Торғай 7774
Оңтүстiк Қазақстан 67925
Алматы қаласы 288746
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 6 қазандағы
№ 1310 қаулысына
4-қосымша
Коммуналдық шаруашылық объектiлерiн
салуға арналған 1995 жылғы күрделi
қаржының көлемi
_______________________________________________________________
Тапсырыс берушi, объектiнiң|Өлшем |Қуаты|Күшiне |күрделi қаржы