Көптеген ауыл шаруашылығы кәсiпорындары меншiк нысандарын өзгерте отырып, еңбек нарығын толықтырып отырған жұмысшыларды жұмыстан босатты.
Селолық жерлердегi экономикалық белсендi халықтың саны есеп бойынша 1995 жылы 2140 мың адамға кемiдi, жұмыспен қамту деңгейi еңбек ресурстарына қарағанда тиiсiнше 69,6 процентке кемiдi.
Селодағы еңбек нарығында жұмыссыздық аймақтар бойынша: Ақмола, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай облыстарындағы 1,2-1,3 проценттен бастап, Атырау мен Семей облыстарындағы 7,8-11 процентке дейiн баратыны көрiнiп отыр.
Село халқын еңбекпен қамтуға жәрдемдесу мақсатында:
жұмысшыларды жаппай босатып жатқан кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржы жағдайын осы процестердi тоқтату немесе кезең-кезеңiмен жүргiзу мақсатында сараптаудан өткізу;
жұмыс қолы асып жатқан оңтүстiк аудандарға жасырын жұмыс миграциясын, репатриант-босқындардың бөлiнуiн тәртiптеуге;
жем-шөп әзiрлеу, егiн жинау, төлдету науқаны және басқа да қоғамдық маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарын өткізудi ұйымдастыру, халыққа әлеуметтiк салада қызмет көрсету;
қиын-қыстау жағдайдағы селолық аудандардағы жаңа жұмыс орнын құрған, шағын бизнестi дамытуға, кадрларды даярлауға жәрдемдесетiн жұмыс берушiлерге жекешелендiруден түскен ақша қаражатының бiр бөлiгiн беру арқылы сараланған қолдау көрсету тетiгiн енгізу;
шағын қуатты технологиялық жабдықтарды орнату арқылы ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу жөнiнде бiрлескен және басқа да кәсiпорындар құруға жәрдем көрсету;
әрбiр селолық аудандардағы тапшы кәсiптер мен қажет болмай қалған кәсiптер бойынша деректер банкiн құру, бұл туралы халыққа хабарлау;
жұмыспен қамтылмаған халықты, әсiресе кәсiпкерлiк қызмет бейiнi бойынша жастарды даярлауды жүзеге асыратын мемлекеттік емес бизнес орталықтарына, кәсiпкерлер мектебiне жәрдем көрсету;
шаруа (фермерлiк) қожалықтарын ұйымдастыруға, жеке қосалқы шаруашылықтарын қолдауға, тұтынушылар кооперативтерiн құруға жәрдемдесу көзделiп отыр.
Азия Даму Банкінің ауыл шаруашылығы секторына арналған Бағдарламалық заемының саяси матрицасында көзделген шаралар шеңберiнде 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде селоның жұмыссыз халқын оқытудың республикалық және аймақтық бағдарламалары әзiрленсiн.
3.6. Жұмыс орындарын квоталау
Әлеуметтiк әлсiз қорғалған халықтың тобын, оның iшiнде жастарды, жалғыз басты адамдарды, көп балалы әйелдердi, жасы кәмелетке толмаған мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарды, түрмеден босап келгендердi, запасқа шыққан әскери қызметшiлердi және жұмыс iздеуде қиыншылық көрген басқа да әлеуметтiк қорғауды қажет ететiндердi («Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 7-бабы) кәсiпорындарға, ұйымдарға жұмысқа орналастыру үшiн 1996 жылы квота белгiленедi.
Квоталанған жұмыс орындары бар кәсiпорындар тiзiмiн әр аумақтың (аудан, қала) әкiмдерi бекiткен қаулысына сәйкес жұмыспен қамту қызметi анықтайды.
Республикада квота бойынша 35 мың адамды, оның iшiнде 20 мың - 21 жас шамасындағы жастарды, 5 мың - әйелдердi, 4 мың - мүгедектердi жұмысқа орналастыру ұйғарылды.
3.7. Еңбек көшi-қонын реттеу. Iшкi еңбек нарығын қорғау
Жұмыспен қамту қызметiн қолдаудағы көшi-қон саясатының бiр бөлiгi, мамандандырылған жұмысшы күшiне деген ұсыныс пен сұраныстың аралығындағы географиялық айырмашылықты жеңу, iшкi нарықты қорғау, уақытша жұмысшы күшiн шетелде пайдалану есебiнен, еңбек нарығындағы шиеленiстi жұмсарту көшiп-қонушылардың еңбек құқы мен мүдделерiн қорғауға бағытталған.
Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметi әкiмдермен бiрлесе отырып, 1996 жылы төмендегi шараларды жүзге асыруға тиiс:
экологиялық апат зардабын шеккендердi (Семей, Қызылорда облыстарын) және Оңтүстiк Қазақстан облысындағы артық еңбек күшiн экономикалық жағдайы жақсы дамыған аймақтарға өз еркiмен көшiрудi ұйымдастыру. Республиканың еңбек күшi артық аймақтардан Жезқазған облысының Приозерск қаласына ерiктi көшiру көзделген, мүдделi республикалық, облыстық органдар облыс және қала әкiмдерiмен бiрлесiп отбасыларын қабылдап, оларды тұрғын үймен қамтып, қосымша жұмыс орындарын құруға қосымша шаралар қолдану;
жергiлiктi еңбек нарқының жағдайына байланысты облысаралық ауысым әдiсіндегі жұмысты ұйымдастыру арқылы iшкi көшi-қонға көмектесу (яғни, жергiлiктi еңбек нарығында жоқ мамандарды тарту);
шетелдермен тиiстi келісімге келу жолымен уақытша көшiп келгендердiң құқы мен мүддесiн, сонымен қоса көшiп келгендердiң қайтудағы құқын қорғау шараларын қамтамасыз ету арқылы жұмысшы күшiнiң келушiлерi мен кетушiлерiнiң жағдайын реттеу;
жасырын еңбек көшi-қонына тыйым салу және көшi-қонға бақылауды ұйымдастыру.
Шетел жұмысшы күшiн пайдалану қызметi, сонымен қатар шетелге Қазақстан Республикасынан кеткен жұмысшы күшiн пайдалану лицензиямен келісім негiзiнде жүзеге асады.
3.8. Еңбек нарқындағы жағдайы қиын аймақтарға жұмыспен қамту
қызметiнiң көрсететiн көмегi
Республикадағы еңбек нарқының шиеленiскен жағдайы барлық жұмыссыздардың 55 процентi шоғырланған Оңтүстiк Қазақстан, Семей, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы, Павлодар облыстарының селоларындағы еңбек нарқының жағдайымен анықталынады.
Осы аймақтарда бiраз шараларды жүзеге асыруға тура келедi:
қызметкерлердi жаппай жұмыстан босатып жатқан кәсiпорындар мен ұйымдардың, әсiресе қайта құру және банкротқа ұшырағандарының финанс жағдайларына экспертиза жүргiзу;
қызметкерлердi босату процесiн тоқтату немесе оны сатылап жүргiзу;
әлеуметтiк шиеленiстi жеңiлдету үшiн шұғыл қысқаша шаралар бағдарламасын жасау;
жаппай қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
босаған қызметкерлер мен жұмыссыздарды, сол аймақтағы еңбек нарқының қажетiне сәйкес, оқып болғаннан кейiн жұмысқа орналастыру немесе жеке кәсiпкерлiкпен айналысу мақсатымен қайта оқытуды ұйымдастыру;
200 адамнан астам қызметкерi бар кәсiпорындар тоқтағанда жұмыстан босағандар үшiн кәсiпорында есеп жүргiзiп және бағдар беретiн уақытша тiректер құру.
3.9. Жұмыссыздарға жұмыссыздығы жөнiнде жәрдемақы төлеу және
материалдық көмек көрсету
Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметi 1996 жылы жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу мен материалдық көмек көрсетудi әрi қарай жалғастырады.
1996 жылы жұмыссыздылығы жөніндегі жәрдемақыны 340 мың адам алады деп күтiлуде, жұмыспен қамтуға көмектесу қорынан осы мақсатқа 4,24 млрд. теңге бөлiнбек.
Жәрдемақыны төлеу есептеле отырып, жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдауды жетiлдiру.
IV. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫН АҚПАРАТТЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ
ҚАРЖЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
4.1. Жұмыспен қамту қызметiн қамту
Жұмыспен қамту қызметi өз дамуында мүмкiндiктерiн жүктелген мiндеттерiне сәйкес келтiрiп, қажет болған жағдайда еңбек нарығындағы ахуалдың күнi бұрын тез өзгеруiне өздерiнiң әсерiн тигiзудi мақсат етедi.
Жұмыспен қамту қызметi толассыз келiп жатқан азаматтарға қызмет көрсетудi, компьютерлiк жүйе енгізу, жұмыспен қамтуға көмектесу бағдарламасының үдемелi ақпаратын қолдану және жұмыспен қамту қызметi қызметкерлерiнiң білімiн көтеру арқылы жақсартады.
Жұмыссыздығы жөніндегі жәрдемақыны есептеу, жұмыс орындарын iрiктеу, жұмыссыз адамдарға кәсiби бағдар беру және есеп жүргiзуде жұмыстың ең негiзгi түрлерiн автоматтандыру қарастырылуда.
Бүкiләлем Банкінің әлеуметтiк қорғау жобасын жүзеге асыру негiзiнде 1996 жылы Петропавл, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Ақмола, Атырау, Семей, Талдықорған (күтпеген жағдайларда, үлгi орталықтарын ұйымдастыратын резервтi жерлер Алматы, Қарағанды, Өскемен қалалары болып саналады) қалаларында Үлгiлi жұмыспен қамту орталықтарын салу қарастырылуда.
4.2. Еңбек нарығының мониторингi.
Ақпаратпен қамтамасыз ету
1996 жылы еңбек нарқының жағдайы және жұмыспен қамту қызметiнiң
iс-әрекетi жайлы ақпарат жүйесiн қалыптастыру шаралары жүзеге
асырылады, бұл жұмыспен қамту саласында аймақтық конъюнктураның тез
өзгерiп отыруына көңiл бөлуге мүмкiндiк бередi.
Еңбек нарқындағы ақпарат жүйелерiнiң негiзгi элементтерi:
халықты және жұмыс берушiлердi еңбек нарқының жағдайы және жұмыспен қамту қызметiнiң ұсынған қызметi жайлы ақпарат құралдары арқылы хабарлау;
еңбекпен қамту қызметi мен оның жұмысын жоспарлау деңгейiнде басқару шешiмiн қабылдау үшiн ақпарат жинау;
1996 жылы халықты жұмыспен қамту қызметiнiң саясатын ақпараттау жүйесiн қалыптастырудың ең негiзгi элементтерi;
халық пен жұмыс берушiлердi еңбек нарығының жағдайы туралы ақпарат құралдары арқылы хабарлап отыру;
нұсқау кiтапшаларды, плакаттарды, басылымдарды тарату арқылы өз еркiмен жұмыс iздеушiлерге көмектесу;
болашағы бар және қажетсiз мамандықтар туралы бос жұмыс орындары жайлы мәлiметтердi жариялау арқылы азаматтарды жұмысқа орналастыру, оларды оқыту және қайта оқыту;
халыққа телефон арқылы және жазбаша түрде еңбекке орналастыру мәселесi жайлы кеңес беру үшiн сырттай мектептер ашу.
Еңбек нарқының мәселелерi туралы және жұмыспен қамту қызметiнiң бағдарламасын жүзеге асыруға баға беруге iрiктелiнiп зерттеу жүргiзу қарастырылуда.
4.3. Заңдық және нормативтiк қамтамасыз ету
1996 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі мүдделi министрлiктермен, мемлекеттік комитеттермен, басқа орталық және жергiлiктi атқару органдарымен бiрлесiп «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар жайлы ұсыныс әзiрлесiн, мынадай нормативтiк актiлер дайындасын:
«Ерiктi қоныс аудару туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы;
банкротқа ұшыраған кәсiпорындарда жұмыссыз қалған азаматтарға жеңiлдiк жасау мен кепiлдiк берудiң тәртібі туралы ережелер;
жұмыспен қамту орталықтарына жаппай жұмыстан босату және бос жұмыс орындары жайлы мәлiметтердi хабарлау тәртібі туралы ережелер;
жұмыссыздар мен бос жүрген халықтың кәсiби оқуын қаржыландыру туралы ережелер;
жұмыссыздар мен олардың отбасыларына материалдық көмек көрсетудiң шарттары мен тәртібі туралы ережелер;
жұмыссыздарға жәрдемақы төлеудiң шарттары мен тәртібі туралы ережелер;
нақты жұмыссыздық пен оның жеткен шегiн анықтау туралы ережелер.
4.4. Жұмыспен қамту бағдарламасын қаржымен қамтамасыз ету
Жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдау шараларын жүзеге асыру үшiн жұмыспен қамтуға көмектесу Қорынан 5,7 млрд. теңге бөлiнедi, оның iшiнде: жұмыссыздарды дайындау мен қайта дайындауға - 1,26 млрд. теңге, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға - 190,1 млн. теңге, жұмыссыздығы жөнiнде жәрдемақы төлеу үшiн - 4,24 млрд. теңге.
Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметiн дамытуға 536 млн. теңге бөлу ұйғарылды, оған осыған жататын мамандарды оқыту мен олардың біліктілігiн көтеру жұмыспен қамту қызметiн техника құралдарымен және оргтехникамен жабдықтау, қызмет жайларын жалға беру, сонымен қоса жарнама-баспа жұмыстарын және халықты жедел хабарлап отыру жатады.
Осыған орай, Бүкiләлем Банкінің займ қорынан техникалық жобаны жүзеге асыру үшiн 3,8 млн. американ долларын жұмсау, ал жұмыспен қамтуға көмектесу Қорынан Бүкiләлем Банкінің займын пайдаланғаны үшiн процентiн төлеу ретiнде - 16,3 млн. теңге бөлу ұйғарылды.
Конверсияланған кәсiпорындардың шығынын толтыру үшiн жұмыстан босаған қызметкерлердi дайындауға 26,6 млн. теңге, мүгедектерге ыңғайлы құрал сатып алу үшiн 50 млн. теңге жұмсалады.
Қоныс аудару шараларын және үй құрылысын қаржыландыруда жұмыспен қамтуға жәрдемдесу Қорының жалпы шығыны 7 миллиард теңгеге жуық болады деп күтiлуде.