Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шiлдедегi
№ 633 қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 26 қыркүйек № 1285 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру ерекшелiктерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 2267 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
«Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға /11-кезең/ арналған Ұлттық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1135 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шiлдедегi № 633 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 30, 353-бап/ «Агроөнеркәсiп кешенiнiң кәсiпорындарын мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң тәртібі» 3 қосымшасына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
ҮI-бөлiмде. Агроөнеркәсiп кешенiнiң дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарын мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру:
1-бөлiмшедегi мәтiнде. Жалпы ережедегi «ауыл шаруашылық тауар
өндiрушiлерiмен шарттық байланысы жоқ» және ауыл шаруашылық тауар
өндiрушiлерiмен шарттық байланысы бар» сөздерi алынып тасталсын;
алтыншы абзац алынып тасталсын;
сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жаңадан құрылатын акционерлік қоғамдардағы инвестициялық жекешелендiру қорларының сатылатын акцияларының мөлшерi дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындардың монополист кәсiпорындарға немесе монополист емес кәсiпорындарға жатқызылуына байланысты. Бұл орайда монополист емес кәсiпорындарға инвестициялық жекешелендiру қорлары акцияның жалпы мөлшерiнiң кемiнде 51 процентiн, ал монополист кәсiпорындарға кемiнде 40 процентiн сатады. Мұнан бөлек, монополист кәсiпорындар үшiн акциялардың бақылау пакетiнiң мемлекет меншiгiнде қалған және олардың жалпы мөлшерiнiң кемiнде 35 процентiн құрайтын мөлшерi белгiленедi».
он үшiншi абзац алынып тасталсын;
елу тоғызыншы абзацтағы «олармен болған шарттық байланыс» сөздерi алынып тасталсын;
«Қазагроөнеркәсiптехника»кәсiпорындарын жекешелендiрудiң ерекшелiктерi деген бөлiмшеде;
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазагроөнеркәсiптехника» кәсiпорындары бойынша акцияларды орналастырудың мынадай тәртібі белгiленедi:»;
сегiзiншi-он екiншi абзацтар алынып тасталсын;
«Қазбалықкомитет»кәсiпорындарын жекешелендiрудiң ерекшелiктерi» деген бөлiмшеде:
төртiншi абзацтағы «тауар өндiрушiлермен болған шарттық байланыс» сөздерi алынып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
« - олардың жалпы мөлшерiнiң кемiнде 51 процентi инвестициялық жекешелендiру қорларына сатылады»;
он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
« - акциялардың кемiнде 40 процентi инвестициялық жекешелендiру қорларына сатылады»;
он бесiншi-он тоғызыншы абзацтар алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi