Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның негiзгi
мiндеттерi мен көрсеткiштерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1995 жылғы 21 тамыздағы № 1142 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "Мұнай қалдықтарын, амбарлық және өңделмеген мұнайды, оның iшiнде аз өнiмдi және шалғай құбырлардан шығатын мұнайды жинауға дайындау мен өңдеуге арналған шағын зауыттарды әзiрлеу және өндiрiстiк игеру" жөніндегі Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның негiзгi мiндеттерi мен көрсеткiштерi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі бiр ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен бағдарламаның негiзгi мiндеттерi мен көрсеткiштерiне сәйкес оның кең ауқымды нұсқасын бекiтсiн, бағдарламаның ғылымды қаржыландыруға мемлекеттік бюджетте көзделген қаржы есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
3. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылы 26 мамырдағы № 434 қаулысымен бекітілген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның тiзбесi мына мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Мұнай қалдықтарын, амбарлық және өңделмеген мұнайды, оның iшiнде аз өнiмдi және шалғай құбырлардан шығатын мұнайды жинау, дайындау мен өңдеуге арналған шағын зауыттарды әзiрлеу мен өндiрiстiк игеру.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi