Қызыл Кiтапқа енгiзiлген хайуанаттарды шектеп алудың мүмкiндiктерiн
зерделеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 наурыздағы № 348 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 301 қаулысымен күші жойылды
Қызыл Кiтапқа енгiзiлген жабайы хайуанаттардың (тұяқтылар) биологиялық, морфологиялық және кариологиялық ерекшелiктерiн, оларды шектеп алудың мүмкiндiктерiн зерделеу әрi осы мақсат үшiн iрiктелгендерiн ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Зоология институтымен келісілген 1995-1997 жылдары Зоология институты мен Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы комитетi арасындағы шаруашылық шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қызыл Кiтабына енгiзiлген үстiрт муфлонының, қазақстандық арқар мен қарақұйрықтың биологиясын, экологиясын, сан мөлшерiнiң жай-күйiн, шаруашылықта шектеп пайдаланудың мүмкiндiктерiн зерделеу жөнiнде ғылыми-зерттеу жүргiзу туралы ұсынысы қабыл алынсын.
2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігіне Орман шаруашылығы комитетiне 1997 жылды қоса алғанда аталған зерттеулердi жүргiзу үшiн жыл сайын 20 муфлон, 20 арқар және 10 қарақұйрық аулауға рұқсат беру тапсырылсын.
Салыстырмалы морфологиялық және кариологиялық зерттеулер жүргiзу үшiн Орман шаруашылығы комитетiне 1995 жылы бiр данадан қаратау және жоңғар арқарын аулауға, 1996 жылы бiр данадан тяньшан мен алтай арқарын аулауға рұқсат етiлсiн.
3. Ауланған хайуанаттарды неғұрлым ұтымды пайдалану және табиғат қорғау мақсаттары мен зерттеу жүргiзiлген облыстардың басқа да мұқтаждары үшiн валюта қаражатын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы комитетiне ауланған олжаға шетелдiк валюта аударымымен төлем жасай отырып, оларды аулауға шетел аңшыларын тартуға рұқсат етiлсiн.
Қазақстан Республикасының аумағындағы жабайы хайуанаттарды аулағаны үшiн алынған валюта қаражаты валюта қолданылып жүрген заңға сәйкес мiндеттi түрде сатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы комитетiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға белгiленген тәртiппен ашылған арнайы есепшотқа аударылады.
Аталған қаражатты жұмсау арнайы қаражатты пайдалану жөніндегі қолданылып жүрген нормативтiк-құқықтық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі рұқсаттың пайдаланылуына бақылау орнатсын және жұмыс аяқталғаннан кейiн жүргiзiлген зерттеудiң нәтижесi туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне хабарлайтын болсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары