Мемлекеттік ресурсқа 1995 жылдың астығын сатып алуды қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 наурыздағы № 309 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 301 қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік ресурсқа 1995 жылдың астығын сатып алу мен агроөнеркәсiп кешенiнде кредиттiк және төлемдiк механизмдi жетiлдiрудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның Халықаралық агроөнеркәсiп биржасымен бiрлесе отырып, үстеме құнға салықсыз (ҮҚС) 3-класты жұмсақ бидайдың әр тоннасына 60 (алпыс) АҚШ долларынан кем болмайтындай тең дәрежедегi сатып алу бағасы бойынша, мемлекеттік ресурсқа ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерден биржаларда тiркелген фьючерлiк контракттар негiзiнде, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан астық сатып алу құқын алатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шеңберiн (бұдан былай - астық компаниялары) тендер жүргiзу арқылы белгiлейтiн болсын.
2. Сақтауға жинақтау сәтiндегi 3-класты жұмсақ бидайдың бiр тоннасы үшiн 80-нен (сексен) аспайтын АҚШ долларына пара-пар баға бойынша жоғарыда аталған астық компанияларымен астық сатып алуға тиiстi шарттар жасайтын Мемлекеттік азық-түлiк контракт корпорациясын құру мақсатты деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қаржы министрлігі осы мәселе бойынша келісілген ұсыныс енгiзсiн.
Ескерту. 2-тармақтың бiрiншi абзацы жаңа редакцияда берiлген -
ҚРМК-нiң 1995.04.05. № 412 қаулысымен.
Ескерту. 2-тармақтың бiрiншi абзацы жаңа редакцияда берiлген -
ҚРМК-нiң 1995.04.25. № 549 қаулысымен.
3. Мемлекеттік ресурсқа 1995 жылы астық сатып алу 1995 жылдың астығын өндiрудi қаржыландыру үшiн көзделген Қазкоммерцбанктiң (келісім бойынша) қарапайым банктiк вексельдерiн айналымға жiберу есебiнен оны мынадай қызметтердегi бағдарламалармен қаржы операторларына белгiлей отырып:
мемлекеттік ресурсқа 1995 жылдың астығын сатып алу көлемiне сәйкес вексель эмиссиясын жүзеге асыру;
тендер жеңiмпаздары - астық компанияларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен қарапайым банктiк вексельдердi беру үлгiсiмен вексельдiк кредиттер беру;
вексельдiк кредиттердiң мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
Қазкоммерцбанктiң меншiктi активтерi есебiнен вексельдер бойынша төлемге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісім бойынша, бiрiншi класты батыс банкiнде орналасқан азық-түлiк контракт корпорациясының депозитiне кепiлдiк беретiн механизм жасау жүзеге асырылсын.
4. Тендер жеңiмпаздарына вексельдiк кредиттер беру 1995 жылдың сәуiр-мамыр және шiлде-тамыз айларында тең үлеспен екi мерзiмде (50 проценттен) жүзеге асырылады деп;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер Қазақстанның Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен мұнай өнiмдерiн, қосалқы бөлшектер, жөндеу-техникалық материалдарын, тұқым, минералдық тыңайтқыштар, химиялық өсiмдiк қорғау құралдарын сатып алу және басқа да ауыл шаруашылық жұмыстары мен қызмет көрсетудi қаржыландыру үшiн Қазкоммерцбанктiң вексельдерiн пайдаланады деп;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер фьючерлiк (форвардтық) контракттарға жасалған және сатып алушылар тарапынан атқарылған мiндеттемелердi орындауды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, мүлiкпен және жер пайдалану құқымен кепiлдендiредi деп белгiленсiн.
Астық өндiрушiлер оның артығын сатуды олармен фьючерлiк (форвардтық) контракттарды орындаған соң жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне:
Қазкоммерцбанктiң қарапайым банктiк вексельдерi түрiнде вексельдiк кредиттер беру тәртібі мен шартын белгiлеу;
Қазкоммерцбанктiң вексельдерiн ескеру құқы бар банктердiң тiзбесiн анықтау ұсынылсын.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кәсiпорындарындағы жоғарыда аталған вексельдердi бухгалтерлiк есепке алу тәртібін әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі астық компанияларымен жасасылған фьючерлiк контракттарға сәйкес, Азық-түлiк контракт корпорациясы олардың мемлекеттік ресурсқа астық көлемiн орындағандары жөнiнде анықтама бергеннен кейiн ғана астық өндiру бағдарламасына қатысушылардың астық тасымалдауға өтiнiштерiн орындасын.
8. Облыстардың әкiмдерi осы қаулының ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң жоғарыда аталған контракттың мемлекеттік ресурс үшiн астық сату бойынша бiрiншi кезекте атқарылуына бақылау жасау бөлiгiн орындауды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi | |