Қазақстан Республикасының Тұтынушыларын мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз
ету жүйесiн жетiлдiру туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің Қаулысы 1995 жылғы 13 наурыздағы № 248
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
Үкiметтiң реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі iс-қимыл бағдарламасына сәйкес, тұтынушыларды мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру, бәсекелестiктi монополиясыздандыру, дамыту және процестi тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi:
"Мұнай өнiмдерi" аумақтық акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетiн "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттік акционерлік компаниясының иеленуiнен, пайдалануынан және басқаруынан қайтарып алсын;
мұнай базаларын (терминалдар), "Мұнай өнiмдерi" аумақтық акционерлік қоғамының құрамынан бөле отырып, акциялайтын болсын;
облыс және Алматы қаласының әкiмдерiмен және Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігімен бiрлесiп, бәсекелестiктi дамыту мақсатында, мұнай тиiстi базалармен бiрге акцияланатын бiр-екi автомай құю станцияларын анықтасын, қалған автомай құю станциялары "Мұнай өнiмдерi" аумақтық акционерлік қоғамының Жарғылық қорынан шығарылсын және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сататын болсын;
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігімен келісім бойынша, әрбiр облыста бiрден мұнай базаларынан (терминалдар) келетiн мемлекеттік акциялар пакетiн, оларды сатып жiберу сәтiне дейiн мұнай-газ өндiретiн кәсiпорындардың иеленуiне, пайдалануына және басқаруына беретiн болсын;
Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларындағы "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттік акционерлік компаниясының мұнай өнiмдерiн құю жөніндегі филиалдарының мүлкiне жататын мемлекеттік акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн тиiстi мұнай-газ өңдейтiн зауыттардың иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берсiн;
"Мұнай өнiмдерi" мемлекеттік акционерлік компаниясын қайта ұйымдастырғаннан кейiн қалған мүлiктерге тиесiлi мемлекеттік акциялар пакетi оны сатып жiберу сәтiне дейiн "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттік акционерлік компаниясының орталық аппаратының және оның филиалдары: Шiлбастау мұнай базасы, "Мұнайнорматив" салалық шаруашылық есептегi орталық, "Жомарт" көтерме-делдалдық фирмасы балансында болған мүлiктер негiзiнде құрылған акционерлік қоғамының иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берсiн. Осы акционерлік қоғамға қайта құрылған "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттік акционерлік компаниясының Алматы қаласындағы үйiн иеленуге және пайдалануға құқық берiлсiн;
жаңадан құрылған акционерлік қоғамның қалған мемлекеттік акциялар пакетiн қолданылып жүрген заңға сәйкес сататын болсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігімен бiрлесiп "Қустанайнефтетранс" және "Петропаловскнефтетранс" мемлекеттік мұнай өнiмдерiн тасымалдау құбырлары кәсiпорындары "Қазақстан және Орта Азия арналы мұнай құбырлары" өндiрiстiк бiрлестiгi құрамына, ал "Уральскнефтетранс" мемлекеттік мұнай өнiмдерiн тасымалдау құбырлары кәсiпорнын "Қазақгаз" мемлекеттік холдинг компаниясының иелiгiне, пайдалануына және басқаруына берсiн. Ескерту. 2-тармақтың бiрiншi абзацы жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-iнiң 23.08.1995 ж. № 1168 қаулысымен.
Жоғарыда аталған кәсiпорындар кез келген шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге мұнай өнiмдерiн тасымалдау жөнiнде көлiкпен қызмет көрсеткенi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитет бекiткен тариф бойынша белгiленедi.
3. Мемлекет мұқтажын, бюджеттік ұйымдарды мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету және де Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Материалдық резервтер жөніндегі комитетпен бiрлесе отырып, мұнай базаларында мемлекеттік резервтi құру жауапкершiлiгi облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне жүктелсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі мен Қаржы министрлігі "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттік акционерлік компаниясы қарызының құқықтық иеленушiлерiнiң, сонымен бiрге Россия Федерациясы берген кредит пен оның проценттерiн өтеуiне жауаптыларды үш ай мерзiм iшiнде анықтасын.
5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттік акционерлік компаниясын құру туралы" 1993 жылғы 26 тамыздағы № 734 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 33, 382-бап) және "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттік акционерлік компаниясының бақылау кеңесi туралы" 1993 жылғы 4 қыркүйектегi № 816 қаулыларының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi