Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 659 қаулысына өзгерту енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 5 қаңтар № 20 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Өзен кен орнын оңалту және "Өзенмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгiн акциялау мен жекешелендiру жөнiнде тендер бойынша консультант сайлау жобасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:
1. "Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1135 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 659 қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 17, 196-құжат) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
Мұнай-газ саласы кәсiпорындарының тiзбесiнен "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамы" сөздерi алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi мен Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі басқа да мүдделi министрлiктермен, комитеттермен және өзге де мемлекеттік органдармен келiсе отырып, "Өзенмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгiн акцияларын және тендерлiк негiзде сайланған тәуелсiз консультантты тарта отырып, оның қызметiне Дүниежүзiлiк банктiң № 3744-КZ (Мұнай саласына техникалық көмек жобасы) займының қаражаты есебiнен ақы төлей отырып, жекешелендiрудi жүзеге асырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi