«Нарықтық экономика кезiнде мамандарды қайта даярлау мен олардың
біліктiлiгiн арттыру және кәсiпорындардың басшылары мен кәсiпкерлер
үшiн оқу турларын ұйымдастыру саласындағы сыртқы
байланыстарды үйлестiру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 9 қаңтардағы № 24 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Нарықтық экономика кезiнде мамандарды қайта даярлау мен олардың біліктiлiгiн арттыру және кәсiпорындардың басшылары мен кәсiпкерлер үшiн оқу турларын ұйымдастыру саласындағы сыртқы байланыстарды үйлестiру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "1994-1995 жылдары Реформаларды тереңдету және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл жоспары туралы" 1994 жылғы 29 шiлдедегi № 849 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 32, 355-бап) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Нарықтық экономика кезiнде мамандарды қайта даярлау мен олардың біліктiлiгiн арттыру және кәсiпорындардың басшылары мен кәсiпкерлер үшiн оқу турларын ұйымдастыру саласындағы сыртқы байланыстарды үйлестiру жөніндегі Ведомствоаралық комиссия қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. Нарықтық экономика кезiнде мамандарды қайта даярлау мен олардың біліктiлiгiн арттыру және кәсiпоырдардың басшылары мен кәсiпкерлер үшiн оқу турларын ұйымдастыру саласындағы сыртқы байланыстарды үйлестiру жөніндегі Ведомствоаралық комиссия туралы берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
3. Нарықтық экономика кезiнде мамандарды қайта даярлау мен олардың біліктiлiгiн арттыру және кәсiпорындардың басшылары мен кәсiпкерлер үшiн оқу турларын ұйымдастыру саласындағы сыртқы байланыстарды үйлестiру жөніндегі Ведомствоаралық комиссия қызметiн ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 9 қаңтардағы
№ 34 қаулысына
Қосымша
Нарықтық экономика кезiнде мамандарды қайта даярлау
мен олардың біліктiлiгiн арттыру және кәсiпорындардың
басшылары мен кәсiпкерлер үшiн оқу турларын ұйымдастыру
саласындағы сыртқы байланыстарды үйлестiру жөніндегі
Ведомствоаралық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Өтембаев Е.Ә. - Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетi Iс Басқарушысының бiрiншi
орынбасары, комиссия төрағасы
Смағұлов Қ.М. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрiнiң бiрiншi орынбасары,
төрағаның орынбасары
Әмiреева К.Б. - "Легпром" мемлекеттік холдинг
компаниясының вице-президентi
Ахметбеков М.Ү. - Қазақстан Республикасының Экономика
министрлігі жанындағы Үйлестiру және
кадрлар даярлау басқармасының бастығы
Басенов Ғ.Т. - "Машина жасау зауыты" акционерлік
қоғамының президентi
Кучинский А.М. - "Азат Концернi" акционерлік қоғамының
Президентi
Мулявина Н.Д. - "Надежда" акционерлік қоғамының бас
Директоры
Мұхамеджанов Б.Ғ. - Қазақстан кәсiпкерлерi Конгресiнiң
вице-президентi
Сәрсенбеков А.С. - "Аққу" акционерлік қоғамының бас
Директоры
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 9 қаңтардағы
№ 24 қаулысымен
Бекiтiлген
Нарықтық экономика кезiнде мамандарды қайта даярлау
мен олардың біліктiлiгiн арттыру және кәсiпорындардың
басшылары мен кәсiпкерлер үшiн оқу турларын ұйымдастыру
саласындағы сыртқы байланыстарды үйлестiру жөніндегі
Ведомствоаралық комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже нарықтық экономика кезiнде мамандарды қайта даярлау мен олардың біліктiлiгiн арттыру және кәсiпорындардың басшылары мен кәсiпкерлер үшiн оқу турларын ұйымдастыру саласындағы сыртқы байланыстарды үйлестiру жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) мақсатын, мiндеттерi мен негiзгi қызметтерiн белгiлейдi.
2. Ведомствоаралық комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк актілерін басшылыққа алады.
3. Ведомствоаралық комиссия құрудың мақсаты мамандарды таңдау процестерiн үйлестiру мен олардың шет елде дайындалуын ұйымдастыру болып табылады.
4. Ведомствоаралық комиссияға негiзгi мiндетке сәйкес мынадай қызметтер жүктеледi:
мамандарды қайта даярлау мен олардың біліктiлiгiн арттыру жөнiнде шет елдiк әрiптестермен байланыс орнату және бағдарламалар мен жұмыстарды келiсу;
министрлiктердiң, ведомстволардың, концерндердiң, ассоциациялардың және басқа экономикалық құрылымдардың шетелде мамандар даярлау жөніндегі ұсынып отырған жобаларын қарау;
нарықтық экономиканық мамандықтары бойынша кадрлар даярлау үшiн жобаларды қаржыландыру жөнiнде ұсыныстар енгізу;
шет елдерге оқуға мамандар жiберу туралы түпкiлiктi шешiмдер қабылдау үшiн стажерлер кандидатураларын алдын-ала конкурс арқылы iрiктеу материалдарын қарау;
шет елдердегi оқу орталықтарына оқуға түсу үшiн конкурс өткізу мерзiмдерi мен шарттары туралы басшыларды, мамандар мен кәсiпкерлердi хабардар ету;
Ведомствоаралық комиссияның негiзгi қызметi үшiн қажеттi және заңға қайшы келмейтiн өзге де функцияларды жүзеге асыру.
5. Ведомствоаралық комиссияның шет елдерде кардрлар даярлауға байланысты жекелеген мәселелердi зерделеу үшiн жұмыс тобын құруға құқығы бар.
6. Ведомтсвоаралық комиссияның мәжілісi оның жұмыс жоспарына сәйкес өткiзiледi. Жоспардан тыс мәжіліс қажеттiлiгiне қарай, төрағаның шешiмi бойынша өткiзiледi.
7. Ведомствоаралық комиссияның төрағасы комиссия жұмысын ұйымдастырады және оның қызметiн жұмыс жоспарына сәйкес қамтамасыз етедi, төрағаның орынбасарлары мен мүшелерiнiң өкiлеттiгiн белгiлейдi.
8. Ведомствоаралық комиссияның шешiмдерi мәжіліске қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.
9. Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң Кадрларды үйлестiру және даярлау басқармасы Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органдары болып табылады.