Фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 қыркүйектегі № 1391 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 3621 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Алматы облысының әкімі мен "Шен Тон-Қазақстан" қазақстан-неміс бірлескен кәсіпорнының Алматы облысында модульдік үлгідегі фармацевтика зауытының құрылысын салу туралы бастамашылығы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Алматы облысының әкімімен және "Шен Тон-Қазақстан" БК-мен келісім бойынша дәрі-дәрмектердің номенклатурасын әзірлесін және өндіріске ұсынылатын көлемін айқындасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі