Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы №
1037 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 13 қыркүйектегі № 1380 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға "Экспортты Қазақстан Республикасының Үкіметі рұқсатының негізінде лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесінің" 2-қосымшасында:
"Қару-жарақ және әскери техника, оларды өндіруге арналған арнайы жиынтықтаушы бұйымдар, әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы жұмыстар мен қызмет көрсету" деген екінші жолында:
2-бағандағы "8802 12 100" деген сандардан кейін "8802 20 100" деген сандармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі