Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 ақпандағы № 88
және 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 484 қаулысына толықтырулар мен
өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 7 тамыздағы № 1111 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
Орталық Азияның экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттерi Премьер-Министрлерiнiң 1999 жылғы 17 маусымда Бiшкек қаласындағы кездесуінде қаралған мәселелердi реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Үкiметтiк делегациялары мәжілісiнiң хаттамалық шешiмiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн;
1) "Экономикалық жағдайды тұрақтандыру және отандық тауар өндiрушiлердi қорғау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 5 ақпандағы № 88 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 3, 23-құжат):
3-тармақ "және 6 ай бойы қолданылады" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулының қосымшасында:
Маргарин 1517
Майонез 210390900
Темекi және темекiнi өнеркәсіптiк 24
алмастырғыштар,
шикiзаттан басқа 2401" деген
жолдар алынып тасталсын;
"Алкогольдi және алкогольсiз сусындар 22" деген жол:
"Бiшкек - Кока-Кола" өнiмінен басқасы" деген сөздермен толықтырылсын.
2) "Қазақстан Республикасына цемент әкелуге шектеулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегі № 484 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 15 156-құжат):
1-тармақ "цементтiң импортына" деген сөздерден кейiн, ", арнайы маркалы цементтi қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң бiрлескен бұйрығымен айқындалатын, арнайы маркалы цемент ретiнде, Қырғыз Республикасынан портландцементтi, глиноземдi, шлакты, суперсульфатты және соған ұқсас гидравликалық боялған немесе боялмаған, даяр немесе клинкерлер нысанындағы цементті (ТМД СЭҚ ТН коды 2523) импорттау сандық шектеулерсiз 1999 жылғы ІІІ тоқсанның аяғына дейін жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
2-2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен 2-1-тармақта көрсетiлген цементтi импорттауға тиiстi лицензиялар берудi қамтамасыз етсiн және берiлген лицензиялардың тiзiлiмiн он күн сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінің Кеден комитетiне ұсынып отырсын".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі