Мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық
жоспарды әзірлеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 маусым № 876
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
Каспий теңiзi мен iшкi су айдындарының экологиялық жүйесiн сақтаудың маңыздылығын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі екi апта мерзiмде заңдарда белгiленген тәртiппен "Мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған теңiз бен Қазақстан Республикасының iшкi су айдындарында ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды" (бұдан әрi - Ұлттық жоспар) әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегі агенттiгi, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі, Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгі, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша), "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының әкімі өкiлдерiнiң қатарынан жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкімінiң жобасын енгiзсiн.
2. Мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған көңiл бөлу жөнiндегі ұлттық жоспарды әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылғаннан кейiн) 1999 жылдың 1 қарашасына дейiн мерзiмде:
1) салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттарын, сондай-ақ мұнайдың төгілуiне қарсы күресуде тәжiрибесi бар шетелдiк компанияларды тарта отырып, Ұлттық жоспарды әзiрлесiн және заңдарда белгіленген тәртiппен оның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын;
2) Ұлттық жоспарға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қазақстан Республикасының теңiздегi және iшкi су айдындарындағы мұнай операцияларымен байланысты теңiз ғылыми зерттеулер жүргiзу тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" 1996 жылғы 5 маусымдағы № 693 және "Қазақстан Республикасының теңiздерi мен iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзудің тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 105 қаулыларына сәйкес әзiрленетiн мұнай операцияларын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi енгізсін.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі барлық мүдделі орталық атқарушы органдармен және ведомстволармен келісім бойынша, 1999 жылдың 1 тамызына дейiн мерзiмде Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сараптамалық кеңесiне Қазақстан Республикасының 1971 жылғы мұнаймен ластауды өтеу жөніндегі халықаралық қор құру туралы халықаралық конвенция мен 1990 жылғы мұнаймен ластану кезіндегі дайындық, оған көңіл бөлу және ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылуы туралы ұсыныс енгiзсiн.
4. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп, Қазақстанның аумағында жобаны қаржылық қолдау мәселесi жөнiнде халықаралық қаржы ұйымдары мен донор елдерге өтiнiм жасасын және 1999 жылдың 1 шiлдесiне дейiн мерзiмде Ұлттық жоспарды әзiрлеудi қаржыландырудың тәртібі мен көздерi бойынша ұсыныс енгiзсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары Қ.К.Тоқаевқа жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі