Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 464
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 маусым № 770
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 25 наурыздағы № 264 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоғары оқу орындарының студенттiк контингентiн қалыптастырудың жаңа моделi туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 464 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кәсiпорынды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне 1999 жылға арналған республикалық бюджетте "Жоғары оқу орындарында республикалық деңгейде кадрлар даярлау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын";
үшiншi абзацтың 10-тармағы "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;
аталған қаулының 1-қосымшасында:
"Пірәлиев Серік Жайлауұлы" деген жолдағы "жауапты" деген сөз алынып тасталсын;
аталған қаулының 2-қосымшасында:
3-тармақ "Комиссияның құрамын" деген сөздерден кейiн "жыл сайын" сөзiмен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссияның өкiлеттiк мерзiмi Қазақстан Республикасының Үкіметіне жоғары оқу орындарына кезектi оқу жылына студенттердi қабылдаудың аяқталған қорытындылары туралы есептi ұсынғаннан кейін тәмамдалады.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі