«Кеңес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң 1993 ж. 16 қарашадағы № 516-ө өкімі
ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен күші жойылды
Каспий теңiзiнiң проблемалары жөніндегі Кеңеске қатысушылардың уағдаластығына сәйкес, Каспий айдынын ұтымды пайдалану жөнiнде бiрлескен ұсыныстар мен бiрлескен бағдарламаларды талдап жасау мақсатында:
1. Каспий теңiзiнiң проблемалары жөніндегі Кеңеске (1993 жылғы 14 қазан, Астрахан қаласы) қатысушы мемлекеттердiң мемлекетаралық комитетiнiң Қазақстан жағы мынадай құрамда бекітілсiн:
Әбiлсейiтов Ғ.Ә. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
орынбасары - Ғылым және жаңа технологиялар
министрi (топ жетекшісi)
Бәйкенов Қ.Қ. - Қазақстан Республикасының Энергетика және
отын ресурстары министрi
Дәукеев С.Ж. - Қазақстан Республикасының геология және жер
қойнауын қорғау министрiнiң бiрiншi орынбасары
Жаркенов М.Е. - Қазақстан Республикасының Экология және
биоресурстар министрiнiң бiрiншi орынбасары
Жигалов К.В. - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
министрiнiң орынбасары
Қыпшақбаев Н.Қ. - Қазақстан Республикасының Су ресурстары
жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы
Мұсалiмов Ғ.М. - Көлiк министрлігінің су көлiгi департаментiнiң
директоры
Сәрсекенов Т.Б. - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлігі жанындағы балық шаруашылығы
жөніндегі комитетiнiң төрағасы
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Каспий жағалауындағы мемлекеттердiң мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесiп үстiмiздегi жылдың аяғына дейiн Каспий теңiзiнiң құқылық мәртебесiн келісіп алып, анықтайтын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитетi мен Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитет 1993 жылғы 25 қарашаға дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Каспий теңiзiнiң проблемалары бойынша техникалық-экономикалық баяндама табыс етiлуiн қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігімен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп Каспий теңiзiнiң деңгейi көтерiлiп келе жатқан жағдайда жағалауды қорғау шараларының тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 8 сәуірдегі № 131 өкімімен бекітілген Каспий ынтымақтастығы жөніндегі көпжақты келiссөздегi Қазақстан делегациясының директиваларын ескере отырып, шельфтi игеру бағдарламасын әзiрлеп, 1994 жылдың 1 тоқсанында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитет, Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігі мен Көлiк министрлігі, Каспий теңiзiнiң қорық аймақтарын қорғау және табиғи байлықтарын игеру, биоресурстарын сақтау, ұдайы өсiру мен оңтайлы пайдалану жөнiнде Астрахан қаласында 1993 жылғы 14 қазанда қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру туралы ұсыныстар әзiрлейтiн болсын.
Премьер-министр