Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы №
68 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 469 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 361-1 Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының және Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту қызметінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 68 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 2, 17-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақтың екінші абзацындағы "олардың функцияларын" деген сөздерден кейінгі "облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері белгілеген" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақта:
екінші абзацтағы "шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын" деген сөздер "коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын" деген сөздермен ауыстырылсын:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"облыстық жұмыспен қамту орталықтары - еңбек биржаларының заңды тұлға құқығындағы бөлімшелері жоқ облыстардың аудандарында және қалаларында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының аудандарында коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар - еңбек биржаларын құрсын";
төртінші абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері мәслихаттарға облыстық (заңды тұлға құқығындағы бөлімшелері жоқ), аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтары - еңбек биржаларының, олардың коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар - еңбек биржалары болып қайта өзгертілуіне байланысты, 1999 жылдың 1 сәуірінен кейін жұмыстан босайтын қызметкерлеріне жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен өтемақы төлеу туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізсін.
3-2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық және қалалардағы аудандық органдар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың функцияларын атқарады".
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі