Mатериалдық көмек көрсетуге құқық беру туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң 1995 ж. 25 мамырдағы № 189-ө өкімі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 789 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
1. Мемлекеттік басқару органдарының басшыларына осы органдардың қызметкерлерiне олар ведомстволық санаторийлер мен демалыс үйлерiне, сондай-ақ республиканың аумағында орналасқан басқа ведомстволардың санаторийлерi мен демалыс үйлерiне жолдамалар алған жағдайда жолдама құнының қызметкердiң өзi үшiн 70 процентi және күйеуi (әйелi) үшiн 50 процентi есебiнде Қазақ ССР-iнiң Министрлер Советiнiң 1989 жылғы 26 қазандағы № 333 қаулысының 1-тармағының жетiншi абзацында көзделгендегiден жоғары сомада белгiленген еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде материалдық көмек көрсетуге құқық берiлсiн.
2. Қазақ КСР-iнiң Министрлер Кабинетi Премьер-министрiнiң 1991 жылғы 21 наурыздағы № 44 өкімінiң күшi жойылған деп танылсын.
Премьер-министр