Мұнай туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі
1994 жылғы 29 шiлде № 298-ө
ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен күші жойылды
1. «Актюбинскнефть» өндiрiстiк бiрлестiгi мен «ДиСизар Ойл Компани» /АҚШ/ фирмасы ұсынған, мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келісілген Шұбарқұдық және Жақсымай кен орындарының мұнайын екiншi тәсiл пайдалану арқылы өндiру жөніндегі "Дамұнай" /ДАОЙЛ/ бiрлескен кәсiпорын құру туралы Келісімi мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі "Дамұнай" бiрлескен кәсiпорынымен бiрге атқарылатын жұмыстар барысында республика мүддесiнiң сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Премьер-министр