«Қарағандыкөмiр» мемлекеттік холдинг компаниясының қаржы жағдайын
жақсарту туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 26 желтоқсан 1994 ж. № 1463
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
"Қарағандыкөмiр" мемлекеттік холдинг компаниясы (бұдан былай - Компания) 1993 жылғы қарашада - 1994 жылғы мамырда көмiр өнiмiн сатуды ұдайы өндiру процесiн және бюджетке салық төлеудi қамтамасыз етпейтiн кесiмдi баға бойынша жүргiздi.
Қажеттi айналым қаражатының болмауына байланысты Компания жоғары есептеу ставкасындағы банк кредитiн пайдаланды, соның салдарынан кредит, сол бойынша процент және салық жөніндегі жалпы берешек 2,5 млрд. теңгенi құрайды. Компанияның 3,1 млн. американ доллары сомасындағы валюта қаражатының 1992-1993 жылдар iшiнде КСРО Сыртэкономбанкiнде кiдiрiлуi нәтижесiнде валюта салығы мен айыппұлдарды төлеуiне мүмкiндiгi болмады.
Компанияның қаржы-экономика жағдайын тұрақтандыру және жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының жарамсыз мемлекеттік кәсiпорындарын сауықтыру және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссия 1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігінiң, Қаржы министрлігінiң, Экономика министрлігінiң, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң, Мемлекеттік қаржы бақылау комитетiнiң, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының, Ұлттық Банктiң және басқа мүдделi ұйымдардың мамандарын тарта отырып, Компанияның қаржы жағдайын зерделеу әрi бағалау және оны қаржы жағынан сауықтыру жөніндегі шараларды әзiрлеу үшiн жұмыс тобын құрсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Компанияның бюджетке төлем жөніндегі, экспортқа салық пен 1992-1993 жылдар үшiн есептелген айыппұл санкциялары жөніндегі, келiп үлгермеген валюталық түсiм үшiн дебиторлық берешек жөніндегі борыштарын бюджеттік ұйымдардың берешек сомасынан асырмай, 1995 жылдың бiрiншi тоқсанының соңына дейiн ұзартсын.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Экономика министрлігімен келiсе отырып, 1995 жылғы 20 қаңтарға дейiнгi мерзiмде Көмiр шахталарын оңалту қорын құру мен пайдаланудың тәртібі туралы ұсыныс енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі және Қарағанды облысының әкімі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсе отырып, шахтерлардың қалалары мен поселкелеріндегі әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi әкiмшiлiктiң балансына берудiң кезеңдiк графигiн әзiрлесiн.
5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының аумағы шегiнде республикааралық көмiр тасымалдауға арналған темір жол тарифiн республиканың өз iшіндегі тасымалдау тарифiнен 2 еседен аспайтындай мөлшерде белгiлесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi