Қазақстан Республикасына ақ қант әкелуге кеден бажының ставкасын
белгiлеу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1994 ж. 17 маусымдағы № 669 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
Отандық қант өндiрушiлердi қорғау және ұқсатушы кәсiпорындарды жүктемелеу мақсатында "Қазақстан Республикасының импортталатын товарларға кеден тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 11 қаңтардағы № 1498 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1994 ж., № 2, 14-бап) негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. 1994 жылғы 25 маусымнан бастап ақ қантқа 30 процент мөлшерiнде импорттық кеден бажы ставкасы белгiленсiн, код ТН СЭҚ 170199100.
2. "Тағам" мемлекеттік акционерлік компаниясы шикi-қанттан жасалған ақ қантты шарт бойынша Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігіне, консигнация шарттары негiзiнде 1 ай мерзiмге Қазтұтынуодағына өткiзетiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi