Темір жолда жолаушыларды, жүктер мен қол жүгiн тасымалдау тарифтерi
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
қаулысы 5 сәуiр 1993 ж. № 261
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Көлiк министрлігінiң 1993 жылғы 6 сәуiрден бастап темір жол көлiгiмен (қала маңындағы қатынастан басқа) жолаушыларды, қол жүгiн және жүктердi тасымалдаудың қолданылып жүрген тарифтерiнiң деңгейiне 2 көтеру шектi коэффициентiн (қосылған құн салығын ескерiп) белгiлеу туралы Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы Баға комитетiмен және Қаржы министрлігімен келісілген ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi