«Геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзуге және пайдалы
қазбалар өндiруге лицензиялар беру үшiн ақының уақытша бағалықтарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 7 маусымдағы № 600 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы кодексi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Республикалық жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзат базасын ұдайы ұлғайту қорын құру туралы" 1992 жылғы 6 қазандағы № 824 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзуге және пайдалы қазбалар өндiруге лицензиялар беру үшiн ақының уақытша бағалықтары бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 7 маусымдағы
№ 600 қаулысымен
Бекiтiлген
Геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзуге және
пайдалы қазбалар өндiруге лицензиялар беру үшiн ақының
Уақытша бағалықтары
---------------------------------------------------------------------
Жұмыс түрлерi ! Есептiк көрсеткiш
! деңгейiне шаққандағы
! коэффициентi
---------------------------------------------------------------------
Жұмыстарды мемлекеттік тiркеу 5,24
Геологиялық зерделеу үшiн заңды (жеке)
тұлғаларды аттестациялау 9
Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны,
контрактi (шартты) тiркеу 14,86