«Нарықтық экономика жөнінде мамандар даярлау мен қайта даярлау
тәртібі туралы ережені бекіту және шетелде оқыту контрактысын
жасасу тәртібі туралы ұсыныстарды мақұлдау туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 25 наурыздағы № 301 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Республика министрлiктерiнiң, ведомстволарының, концерндерiнiң, ассоциацияларының, кәсiпорындарының (бiрлестiктерiнiң) және басқа экономикалық құрылымдарының нарықтық экономика жөнiнде мамандар даярлау iсіндегі қызметiн үйлестiру, сондай-ақ даярланған кадрлардың әлеуетiн халық шаруашылығында пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Нарықтық экономика жөнiнде мамандар даярлау мен қайта даярлау тәртібі туралы осыған қосылған Ереже бекітілсiн.
2. Осыған қосылған Шетелде оқыту контрактысын жасасу тәртібі туралы ұсыныстар мен Шетелде оқыту контрактысын жасасудың нысаны мақұлдансын.
3. Мемлекетаралық келісімдер мен шетелдiк техникалық көмек шеңберiнде мемлекет атынан шетелде оқыту үшiн мыналарға:
Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне - мемлекеттік
қызметшiлердi, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшылары
мен мамандарын оқытуға;
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігіне - ғылыми-педагогикалық кадрларды оқытуға контрактылар жасасу құқығы берiлсiн.
4. Шет елдерде даярлау мен қайта даярлау үшiн iрiктелiп алынған кандидатуралар жөніндегі материалдар оқыту контрактысы жасалар алдында Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Басшысымен келісілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 25 наурыздағы № 301 қаулысымен Бекiтiлген
Нарықтық экономика жөнiнде даярлау мен қайта
даярлау тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
Бұл ереже Қазақстан Республикасының "Бiлiм беру туралы", "Жоғары білім беру туралы" заңдарына әрi Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне негiзделген және мамандарды оқыту үшiн iрiктеп алу мен оларды мемлекеттік және шаруашылық басқару органдарында пайдаланудың тәртібін белгiлейдi.
I. Жалпы қағидалар
1. Республикада және одан тысқары жерлерде нарықтық экономика жөнiнде мамандар даярлау мен қайта даярлау мамандардың нарықтық шаруашылықты жүргiзудiң теориясы мен практикасын зерделеуi, республикада экономикалық реформаларды iске асыру үшiн қажеттi халықаралық стандарттар деңгейiнде білімдер алуы мақсатында жүзеге асырылады.
2. Даярлау мен қайта даярлауға мамандардың мына санаттары:
- экономика мамандықтары бойынша кадрлар даярлаумен айналысатын оқу орындарының оқытушылары;
- мемлекеттік қызметшiлер;
- кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшылары әрi мамандары жатады.
3. Мамандарды даярлау мен қайта даярлау iсiн білім беру мекемелерi, ұйымдар, кәсiпорындар, ғылыми және оқу орталықтары ұйымдастырады. Ол мемлекет қаражаты есебiнен де, сондай-ақ шартты негiзде де жүзеге асырылуы мүмкiн.
4. Ғылыми-педагог қызметкерлердi даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру iсi Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі бекiткен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
5. Нарық жағдайында жұмыс iстейтiн мамандарды, басқару қызметкерлерiн, кәсiпкерлердi даярлау мен оқыту бағдарламаларын әзiрлеу және жүзеге асыру жөніндегі министрлiктердiң, ведомстволардың, концерндердiң, ассоциациялардың және басқа да экономикалық құрылымдардың қызметiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі үйлестiредi.
6. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қаражат, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаражаты және азаматтардың жеке қаражаты, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, шетел мемлекеттерiнiң, шет елдердегi оқу мекемелерi мен фирмаларының көрсеткен техникалық жәрдемi нарықтық экономика жөнiнде мамандар даярлау мен қайта даярлауға жұмсалатын қаржы көздерi бола алады.
7. Нарықтық экономика жөнiнде кадрлар даярлау мен қайта даярлау iсi республиканың өз iшiнде мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу мекемелерiнде, соның iшiнде шетелдiк оқытушылар мен мамандар тарту арқылы, сондай-ақ республикадан тысқары жерлердегi шетелдiк оқу орындарында жүзеге асырылуы мүмкiн.
8. Оқу мерзiмi оқу мекемелеріндегі оқу нысаны мен оқу бағдарламаларына қарай белгiленедi.
II. Даярлау мен қайта даярлау үшiн мамандарды
iрiктеп алудың тәртібі
1. Оқу орындары республика iшiнде мамандар даярлау мен қайта даярлауды қолданылып жүрген қабылдау ережелерi әрi кәсiпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен тiкелей шарттар жасау негiзiнде дербес жүзеге асырады.
Шетелдерде мамандар даярлау мен қайта даярлау үшiн оқу орындары өз тарапынан шетелдiк және халықаралық мекемелермен және ұйымдармен тiкелей байланыс орнатып, олармен жоғары білім мен ғылыми қызмет, қайта даярлау мен біліктiлiктi арттыру саласындағы ынтымақтастық туралы шарттар жасай алады, шетел мемлекеттерiнiң, оқу орындары мен ғылыми мекемелерiне оқуға (соның iшiнде айырбас ретiнде) студенттердi, аспиранттарды, оқытушыларды жiбере алады.
2. Мемлекетаралық келісімдер мен Қазақстан Республикасына халықаралық ұйымдардың және шетелдiк оқу мекемелерi мен фирмаларының көрсететiн техникалық жәрдемi шеңберiнде шетелге нарықтық экономика жөніндегі мамандарды iрiктеу iсiн ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі (мемлекеттік қызметшiлердi, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшыларын) және Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі (ғылыми-педагогика кадрларын) жүзеге асырады.
Үш аптаға дейiнгi қысқа мерзiмдi семинарларға оқуға жiберiлетiн мамандар шетелдiк оқу мекемелерiнiң тақырыптарына, талаптары мен шарттарына қарай iрiктеледi.
Мамандарды қысқа мерзiмдi оқуға жiберетiн министрлiк оқу бағдарламаларына сәйкес мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және халық шаруашылығының басқа да құрылымдық бөлiмшелерiмен бiрлесiп тыңдаушылар құрамын қалыптастырады.
Шет елдерге ұзақ кезеңге (үш аптадан аса мерзiмге) оқуға жiберiлетiн мамандарды iрiктеп алуды Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі конкурстық негiзде жүзеге асырады және мынадай ұйымдық шараларды өткізу:
шетелдiк оқу мекемелерiнiң оқыту нысанына, оқу
бағдарламаларына, талаптары мен шарттарына қарай мамандарды iрiктеп
алудың өлшемдерiн айқындау;
нарықтық экономика үшiн кадрлар даярлау жөніндегі Қазақстан Республикасының Ведомствоаралық комиссиясын құру көзделедi.
3. Шет елдерде ұзақ уақыт бойы оқитын мамандарды iрiктеген кезде жалпы және арнайы талаптарға негiзделген өлшемдер жүйесi қолданылады.
Жалпы талаптар оқуға жiберiлетiн барлық мамандарға қойылады және мұның өзi оқу бағдарламасының маманның білім деңгейiне, оның кәсiби даярлығы мен мамандануына сәйкестiгiн анықтауға байланысты болады.
Арнайы талаптар мамандарға оқу бағдарламаларына, шетелдiк оқу мекемелерiнiң талаптары мен шарттарына, сондай-ақ жiберушi жақтың талабына қарай қойылады. Бұлар маманның жас мөлшерiнiң шектеулiлiгiн, жұмыс стажын, сабақ жүргiзiлетiн тiлдi бiлуiн және басқа талаптарды ескеруге байланысты.
4. Нарықтық экономикаға арналған кадрлар даярлау жөніндегі Қазақстан Республикасының Ведомствоаралық комиссиясы Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкімімен Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi аппаратының, министрлiктердiң, ведомстволардың, экономикалық ғылыми-зерттеу институттарының, нарықтық экономика жөнiнде мамандар даярлаумен және қайта даярлаумен шұғылданатын жетекшi оқу орындарының және кәсiпкерлiк құрылымдардың өкiлдерiнен құрылады. Комиссияның құрамына сондай-ақ шетелдiк мамандар да енгiзiлуi мүмкiн.
Нарықтық экономика арналған кадрлар даярлау жөніндегі Қазақстан Республикасының Ведомствоаралық комиссиясы туралы Ереженi мүдделi министрлiктердiң, ведомстволардың, ғылыми мекемелердiң, оқу орындарының келісімiмен Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі бекiтедi.
III. Нарықтық экономика жөнiнде даярланған
кадрларды мемлекеттік және шаруашылық басқару
органдарында пайдаланудың тәртібі туралы
Нарықтық экономика жөнiнде даярланған кадрлардың пайдаланылуына оларды жiберген ұйым жауап бередi. Шетелде оқыту контрактысының шарты бойынша ұйым маманды бұрынғы iстеген қызметiне немесе жаңа мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыруға мiндеттi.
Нарықтық экономика жөнiнде мамандармен шетелде оқытуға контракт жасасқан министрлiк оларды мемлекеттік және шаруашылық басқару органдарында, сондай-ақ халық шаруашылығының басқа құрылымдарында одан әрi пайдаланылуын үйлестiредi және бақылауға алады.
Шет елдерден оқып келген мамандар өздерiн шетелде оқытуға контракт жасасқан органның талап етуi бойынша алған білімдерiн республиканың экономикасын дамыту үшiн неғұрлым ұтымды пайдаланатыны жөнiнде өз қорытындыларын, пiкiрлерi мен ұсыныстарын түсiредi.
Еңбек туралы заңдарға сәйкес біліктiлiгiн арттырған мамандарға оларды оқуға жiберушi ұйымдар неғұрлым жоғары санат берiп, еңбекақы деңгейiн көтеруге құқылы. Маман өзiн оқуға жiберген ұйымда алдағы уақытта жұмыста пайдаланылуына байланысты шетелде оқу контрактысының шарттарын орындауға мiндеттi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 25 наурыздағы
№ 301 қаулысына
№ 1 Қосымша
Шетелде оқыту контрактысын жасасудың тәртібі туралы
ҰСЫНЫСТАР
1. Оқыту контрактысы мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды, тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн, оны жүзеге асырудың басқа да шарттарын белгiлейтiн еңбек шартының айрықша нысаны болып табылады.
Оқыту контрактысы халықаралық келісімдер мен шетелдiк техникалық көмек шеңберiнде нарықтық экономика жөніндегі мамандарды даярлау мен қайта даярлау кезiнде пайдаланылады.
2. Оқыту контрактысы:
мемлекет атынан оқыту контрактысын жасасуға құқық берiлген органның атынан;
маманды оқытуға жiберетiн мемлекеттік басқару органымен, кәсiпорнымен, ұйыммен немесе мекемемен (бұдан былай - ұйым);
оқытуға жiберiлетiн маманмен (бұдан былай - сынақ мерзiмiн өтушi) жазбаша түрде жасалады.
3. Оқыту контрактысы, егер контрактыда өзге бiр мерзiм көрсетiлмесе, екi жақ оған қол қойған сәттен бастап заңды күшiне енедi.
4. Оқыту контрактысында:
- ұйым туралы негiзгi мәлiметтер (атауы, тұрған орны, меншiк нысаны, басшының аты-жөнi, төлем деректемелерi, есеп айырысу шоты);
- оқытуды жүзеге асыратын оқу мекемесi туралы негiзгi мәлiметтер (атауы, тұрған орны, меншiк нысаны);
- оқу курсының атауы және оқыту мерзiмi;
- сынақ мерзiмiн өтушi туралы мәлiметтер (аты-жөнi, туған жылы мен айы, күнi, жеке куәлiгiнiң деректерi, тұрақты тұрағы мен жұмысының орны);
- оқытатын тарап мiндетiне алған негiзгi шарттар (қабылдау, орналастыру, оқу процесi мен тамақтандыруды ұйымдастыру, медициналық сақтандыруды қамтамасыз ету);
- сынақ мерзiмi өтушiге қойылатын негiзгi талаптар;
- сынақ мерзiмiн өтушiге қойылатын талаптарға сай болуы және мұндай қасиеттерiнiң бар екендiгiн айғақтайтын құжаттар туралы негiзгi мәлiметтер болуы керек.
5. Оқу контрактысы бойынша ұйымның мiндеттемелерiне мыналар:
- iс сапарының мерзiмi және осы мерзiмдi сақтау жөніндегі кепiлдiк;
- сынақ мерзiмiн өтушiнi оқытқаны үшiн оқу мекемесiне ақы төлеудiң шарттары, сондай-ақ оқуға байланысты шығындар. Оқу үшiн ақы төлеудiң шарттарында соманың өзгермейтiндiгi немесе инфляция процестерi есепке алынып оның өзгеретiндiгi мiндеттi түрде көрсетiледi;
- оқу аяқталғаннан кейiн сынақ мерзiмiн өтушiнiң білімi мен біліктiлiгi есепке алынып, оны жұмысқа орналастыру жөніндегі мiндеттемелер;
- сынақ мерзiмiн өтушiнi керi шақырып алу қажеттiгi туған жағдайда мемлекет атынан оқу контрактысын жасасқан органмен және оқу мекемесiмен мiндеттi түрде келiсуi кiредi.
Бұған қоса оқу контрактысына ұйымның өз еркiмен не оқу мекемесiнiң талап етуiмен өзiнiң мойнына алған басқа мiндеттемелерi енгiзiлуi мүмкiн (сынақ мерзiмiн өтушiнi материалдық жағынан қолдау, ауырған жағдайда, егер медициналық сақтандыру жасалмаса, оны емдеуге ақы төлеу).
6. Оқу контрактысын жасасуға құқық берiлген органның мiндеттемелерiне:
- оқу мекемесiмен жасасылған оқу контрактысындағы шарттардың орындалуына атсалысуды қамтамасыз ету;
- оқу контрактысы бойынша мiндеттемелердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру кiредi.
7. Оқу контрактысы бойынша сынақ мерзiмiн өтушiнiң мiндеттемелерiне:
- мемлекет атынан онымен оқу контрактысын жасасқан оқу мекемесiнiң, ұйымның және органның барлық талаптарын орындау;
- оқу мекемесiнiң бағдарламасында көзделген кәсiби қызметтiң барлық түрлерiн игеру;
- республика экономикасын дамыту үшiн алған білімiн неғұрлым ұтымды пайдалану жөніндегі өзiнiң қорытындыларын, пiкiрлерi мен ұсыныстарын мемлекет атынан оқу контрактысын жасасқан органға табыс ету;
- оқуға жiберушi тараптың алдында оқу барысы туралы ұдайы есеп берiп тұру (кем дегенде жылына бiр рет);
- оқу контрактысын жасасқан органды дәлелдi себептер бойынша оқуды тоқтату қажеттiгi туралы дер кезiнде хабардар ету;
- егер оқу контрактысында ұйымның қажетсiнуi мен оқу нысанына орай өзгеше жағдайлар көрсетiлмесе, оқуды аяқтағаннан кейiн алған мамандығы бойынша кем дегенде үш жыл жұмыс iстеу;
- оқуды жалғастырудан бас тартқан немесе қандай да болсын тәртiп бұзушылығы үшiн оқудан шығарылған жағдайда басқа тараптардың материалдық шығындарының орнын толтыру кiредi.
8. Тараптардың келісімi бойынша ғана оқу контрактысы мерзiмiнен бұрын бұзылуы немесе өзгеруi мүмкiн.
Тараптардың бiрiнiң оқу контрактысының шарттарын орындауға мүмкiндiгi болмаса, ол оны бұзу туралы басқа тараптарды бiр ай бұрын ескертуге тиiстi.
Басқа тараптарға материалдық зиян келтiргенi үшiн сот кiнәлi
деп тапқан тарап, оқу контрактысында көзделген мөлшер мен тәртiппен
оның орнын толтырады.
9. Оқу контрактысының шарттары бойынша туған даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
10. Оқу контрактысын жасасқан ұйым және орган (егер бұл контрактысында көрсетiлсе):
- сынақ мерзiмiн өтушiден өз мiндеттемелерiн орындауды
және оқу барысы туралы ұдайы есеп берудi (кем дегенде жылына бiр
рет) талап ете алады;
- сынақ мерзiмiн өтушiге оқытып жатқан тарап көрсетпеген, бiрақ оқудың табысты болуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi талаптар қоя алады;
- оқу контрактысының шарттарын орындау үшiн өздерiнiң құзырына жататын шешiмдердi қажет болған ретте қабылдай алады.
11. Оқу контрактысының негiзiнде сынақ мерзiмiн өтушi:
- оқу контрактысында қабылданған мiндеттемелердi орындауды ұйымнан талап ете алады;
- оқу мекемесiнiң оқу контрактысындағы шарттарды орындамағандығы туралы, оқу контрактысын жасасқан органды уақытылы шара қабылдауы үшiн хабардар етедi;
- оқу мекемесi немесе ұйым өздерiнiң мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, дәрiгерлiк қорытындыға сәйкес мерзiмiн өтушiнiң әрi қарай оқуы және болашақта алған мамандығы бойынша жұмыс iстеу мүмкiн болмаса, ет жақын туысқанының ауыр науқасына немесе қазасына және осыған байланысты өз отбасымен бiрге тұру қажеттiгi туып, шет елде әрi қарай тұруы мүмкiн болмаса оқуды тоқтату туралы өтiнiш бiлдiре алады. Мұндай жағдайларда сынақ мерзiмiн өтушi оқуды тоқтатуға құқылы және оқығаны үшiн жұмсалған шығындардың орнын толтыруға материалдық жағынан жауап бермейдi.
12. Оқу контрактысы үш дана болып ресiмделедi және тараптардың әрқайсысында сақталады.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 25 наурыздағы
№ 301 қаулысына
№ 2 Қосымша
Шетелде оқыту контрактысының нысаны
----------------------------------------------------------------------
(сынақ мерзiмiн өтушiнiң аты-жөнi)
Осы контрактыны мемлекет атынан жасасуға ________________________
______________________________________________________________________
(уәкiлдi органның атауы, тұрған орны)
______________________________________________________________________
________________________________________________________________атынан
(басшының қызметi, аты-жөнi)
______________________________________________________________________
________________________________________________осындай құқық берiлдi.
(кiмнiң және қандай шешiмiмен)
______________________________________________________________________
(оқу мекемесiнiң атауы, тұрған орны, меншiк нысаны)
_____________________________________________________________оқуы үшiн
______________________________________________________________________
________________________________________________тақырып (курс) бойынша
___________________тiлiнде өткiзiлетiн________________________мерзiмге
199___жылдың___________________199___жылдың____________дейiн жiбередi.
______________________________________________________________________
(ұйымның атауы, тұрған орны, меншiк нысаны, басшының
______________________________________________________________________
аты-жөнi, төлем реквизиттерi, есеп айырысу шоты)
______________________________________________________________________
сынақ мерзiмiн өтушiнi _______________________________________________
(аты-жөнi, туған жылы, айы, күнi)
төл құжаты №___________сериясы_____________,_________________берiлген
______________________________________________________________________
(тұрақты тұрағының орны)
______________________________________________________________________
(жұмыс орны)
Оқытатын тарап төмендегiдей жағдайларды жасауға мiндеттенедi:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Сынақ мерзiмiн өтушiге оқу орнының негiзгi талаптары:
1. Бiлiм деңгейi _____________________________________________________
2. Тiл бiлуi _________________________________________________________
3. Мамандануы ________________________________________________________
4. Жұмыс стажы _______________________________________________________
Сынақ мерзiмiн өтушiге оқу орнының талаптары айғақталады:
1. ___________________________________________________________________
(білім деңгейiн айғақтайтын құжат)
2. ___________________________________________________________________
(тiл жөніндегі білім деңгейiн айғақтайтын құжат)
3. ___________________________________________________________________
(мамандануы мен жұмыс стажын айғақтайтын
______________________________________________________________________
құжаттың көшiрмесi)
Оқуға жiберушi тарап:
1. Сынақ мерзiмiн өтушiнi 199___жылдың "____" ________________________
199___жылдың "____" ____________________дейiнгi мерзiмге iссапарына
жiберуге.
2. Iссапары мерзiмiн сақтауды кепiлдендiруге__________________________
(керi шақырып
______________________________________________________________________
алмауға немесе керi шақырып алудың мүмкiндiгiн қарастыруға)
3. Сынақ мерзiмiн өтушiнiң оқуына байланысты оқуға және басқа да
шығындарға ақы төлеу жөніндегі төмендегiдей шарттарды
орындауға: ___________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
4. Оқу аяқталғаннан кейiн игерген білімi есепке алынып еңбекке
орналастыруға ________________________________________________________
(ұйымның атауы, қызметi)
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
5. Өз ұсынысы бойынша сынақ мерзiмi өтушiге мүмкiндiк беруге
______________________________________________________________________
(тиiстiсiн жазу)
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Сынақ мерзiмiн өтушi оқу мекемесi мен оқуға жiберушi тараптардың барлық талаптарын орындауға мiндеттенедi.
Сынақ мерзiмiн өтушi (егер төмендегi мiндеттердi екi тарап та көрсетпеген жағдайда, онда оны контрактыдан алып тастауға құқығы бар);
оқу мекемесiнiң бағдарламасында көзделген кәсiби қызметтiң барлық түрлерiн игеруге;
республика экономикасын дамыту үшiн игерген білімiн барынша ұтымды пайдалану жөніндегі өзiнiң қорытындыларын, ұсыныстарын және кеңестерiн мемлекет атынан оқу контрактысын жасасқан органға табыс етуге;
оқуға жiберушi тараптың алдында оқу барысы туралы есеп беруге (кем дегенде жылына бiр рет);
оқу контрактысын жасасқан органды дәлелдi себептер бойынша оқуды тоқтату қажеттiгi туралы дер кезiнде хабардар етуге;
оқуын аяқтағаннан кейiн өзiн оқуға жiберген ұйымда игерген
мамандығы бойынша кем дегенде_______________жыл жұмыс iстеуге;
оқуды жалғастырудан бас тартқан немесе қандай да болсын тәртiп бұзушылығы үшiн оқудан шығарылған жағдайда басқа тараптардың материалдық шығындарының орнын толтыруға мiндеттенедi.
Тараптардың келісімi бойынша ғана оқу контрактысы мерзiмiнен бұрын бұзылуы немесе өзгеруi мүмкiн.
Тараптардың бiрiнiң оқу контрактысының шарттарын орындауға мүмкiндiгi болмаса, ол оқу контрактысын бұзу туралы басқа тараптарды бiр ай бұрын ескертуге тиiстi.
Басқа тараптарға материалдық зиян келтiргенi үшiн сот кiнәлi
деп тапқан тарап, оның орнын толтырады_______________________________
______________________________________________________________________
(орнын толтырудың шартын, мөлшерiн және тәртібін жазу)
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Осы оқу контрактысының шарттары бойынша туған даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
Тараптар айрықша шарттар ұсынады (ұсынбайды)_____________________
______________________________________________________________________
(тиiстiсiн жазу)
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Контракты әрбiр тарап үшiн бiр данадан үш дана болып жасалады.
Контракт оған қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi (егер
өзге мерзiм көрсетiлмесе).
______________________________________________________________________
(контракты жасасқан мемлекеттік басқару органы,
______________________________________________________________________
басшысының лауазымы)
______________________________________________________________________
(басшының аты-жөнi)
199___жылғы "____"______________________
______________________________ ______________________________
(сынақ мерзiмiн өтушiнiң (жiберушi ұйым басшысының
______________________________ ______________________________
аты-жөнi) лауазымы)
______________________________
(аты-жөнi)
"____" 199___жылғы____________ "____" 199___жылғы____________