Инвестициялық жекешелендiру қорлары мен олардың басқарушыларына
лицензиялар беру жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 21 шiлде 1993 ж. № 636
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Инвестициялық жекешелендiру қорларын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы № 1290 қаулысының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1135 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шiлдедегi № 633 қаулысымен бекітілген Инвестициялық жекешелендiру қорларының, осы қорлар басқарушыларының қызметiне лицензия беру және лицензиялардың күшiн тоқтату және қайтарып алу тәртібі туралы Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Инвестициялық жекешелендiру қорларына және олардың басқарушыларына лицензиялар беру жөніндегі Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) мына құрамда құрылсын:
Дуберман Ю.Е. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру
жөніндегі мемлекеттік комитетi төрағасының
орынбасары, комиссияның төрағасы
Құттыбаева К.С. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру
жөніндегі мемлекеттік комитетi жаппай
жекешелендiру жетекшi басқармасының бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары
Махмутова Н.К. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру
жөніндегі мемлекеттік комитетi жаппай
жекешелендiру жетекшi басқармасы купондық
сауда бөлiмiнiң бас маманы, комиссияның
жауапты хатшысы
Комиссия мүшелерi:
Каирова В.К. - Қазақстан Республикасы Статистика және талдау
жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң
макроэкономикалық көрсеткiштер және халық
шаруашылығын талдау жөніндегі жетекшi
басқармасының бастығы
Анцифиров В. Т. - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетi
ұйымдық-әдiстемелiк басқармасының бастығы
Жанғабаев К. А. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрлігінiң монополияға қарсы саясат
меншiгi бөлiмiнiң бастығы
Ивченко Е. А. - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi
Бағалы қағаздар басқармасының бастығы
(келісімi бойынша)
Қадырбеков Б. А. - Қазақстан Республикасы монополияға қарсы
саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi
төрағасының орынбасары
Мұқашев Е. Д. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
экономикалық кеңесшiлер тобының жетекшiсi
Говоров А.С. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiк
жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жаңа
экономикалық құрылымдардың жетекшi
басқармасының бастығы
Ескерту. Өзгерістер ҚРМК-нiң 1993.10.19. № 1033, 1994 ж. 4 қазан, № 1106 және 1994 ж. 6 желтоқсан № 1378 қаулыларымен енгiзiлген.
Ескерту. Комиссия құрамына өзгерістер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.09.26. № 1287 қаулысымен және осы қаулымен 1994.10.04. № 1106 және 1994.12.06. № 1378 қаулыларының күшi жойылды.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiне құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрiн Комиссия қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс органы ретiнде белгiлеу тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi