«Республикалық валюта қорын құру жөніндегі қосымша шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 449 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "1993 жылы Қазақстан Республикасында валюта қорын құру туралы" 1993 жылғы 21 қаңтардағы № 1092 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясына мемлекеттік маңызы бар өнiмнiң бекітілген квотадан тыс қосымшаға сәйкес экспортын қамтамасыз ету, валюта түсiмiн Республикалық валюта қорына аудару жүктелсiн.
2. "Қазконтракт" акционерлік бiрлестiгi осы қаулы шегiнде жүзеге асыратын өнiм сатып алу жөніндегі тапсырыстарға алдын ала ақы төлеу шартына сәйкес, республиканың өнiм берушi кәсiпорындары үшiн шарттар жасасу мiндеттiлiгi режимi қолданылады деп белгiленсiн.
3. "Қазконтракт" акционерлік бiрлестiгiнiң "Нордекс" (Австрия) компаниялар тобымен, Магнитогорск металлургия комбинатымен және Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатымен "Нордекс" компаниялары тобы үстеме валюта төлемi негiзiнде Қазақстан Республикасынан алатын темір кенi үшiн Магнитогорск металлургия комбинатының төлемдерiн корпорацияның төлеуiн көздейтiн келісім-шартты iске асыру жөніндегі инициативасы мақұлдансын.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясына экспортқа шығаруға арналған өнiм сатып алу үшiн мақсатты несие бөлу ұсынылсын, ал Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бiр апта мерзiмде корпорацияның шығынын, сондай-ақ оның валюта ақысының мөлшерiн соммен өтеу жөнiнде "Қазконтракт" акционерлік бiрлестiгiмен келісілген ұсыныс Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi