Жаңажол газ өңдеу зауытын кеңейту туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 4 мамырдағы № 348 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
Жаңажол газ өңдеу зауытының техникалық жағдайын жақсарту және қуатын өсiру есебiнен Ақтөбе облысының Жаңажол кен орнында мұнай және газ өндiрудi арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігі 1993-1995 жылдары Жаңажол газ өңдеу зауытындағы қуаты жылына 3 млн. тонна мұнай өндiретiн мұнай дайындау және газ өңдеу жөніндегі үшiншi технологиялық желiнi жобалауды, салуды және iске қосуды қамтамасыз етсiн.
2. Объектiнiң iске қосылу мерзiмiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлігінiң бас жобалаушы ретiнде Канаданың «СНС-Лавалин Интернэшнл» фирмасын қатыстыру туралы ұсынысы қабылдансын.
3. Жобаны қаржыландыру тиiстi кепiлдiк мiндеттемелерiн ресiмдеп және құрылыс аяқталған соң, кейiннен кредиттi жоба отырып шетел банкiлерiнiң мақсатты кредитi есебiнен жүзеге асырылсын.
4. «Ақтөбемұнай» өндiрiстiк бiрлестiгi объектiнi жобалау және салу жөніндегі тапсырыс берушi болып белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Энергетика және отын ресурстары министрлігі Жаңажол газ өңдеу зауытындағы үшiншi технологиялық желiнi салуға қажеттi кредит алуды қамтамасыз етсiн.
Жабдық берушiлер мен құрылыс ұйымдарын таңдау конкурстық негiзде айқындалсын.
6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Энергетика және отын ресурстары министрлігі мұнайды экспортқа жөнелтудiң баланстарында бастапқы аванстық жарналарды, алынған кредиттер үшiн проценттердi сақтандыру компанияларына комиссиялық жобаны аяқтағанға дейiн төлеуге арналған ресурстардың қажеттi көлемiн қарастыратын болсын.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас кеден басқармасы «Ақтөбемұнай» өндiрiстiк бiрлестiгiнiң тапсыруы бойынша Жаңажол газ өңдеу зауытындағы мұнай дайындау жөніндегі үшiншi технологиялық желiнiң құрылысы бойынша жұмыстар жүргiзуге арналған машиналарды, жабдықтарды, приборларды, конструкцияларды және басқа бұйымдарды шетел фирмаларының Қазақстан Республикасына баж салығынсыз әкелуiн және әкетуiн ресiмдейтiн болсын.
8. Жаңажол газ өңдеу зауытының үшiншi технологиялық желiсiн жобалаудың, салудың және пайдалануға қосудың жүзеге асырылуын бақылау «Қазақстанмұнайгаз» Ұлттық компаниясына жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi | К. Мәсімов |