Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 384 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес елді энергиямен сенімді жабдықтау жөніндегі міндеттерді кезең-кезеңмен шешу, электр энергиясының ішкі және сыртқы рыноктарын есепке ала отырып, экспортқа бағдарланған, технологиялық жағынан өзара байланысты отын-энергетика кешенін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі электр энергиясы саласын дамыту жөніндегі жұмыстарды жалпы үйлестіруді жүзеге асырсын және 1998-2030 жылдарға арналған индикативтік жоспарлардың жобаларын қалыптастыру кезінде аталған бағдарламаға қажетті түзетулер енгізсін.
3. «1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 тамыздағы № 1010 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | |
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 680 Қаулысымен бағдарлама өзгертілді
Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы