Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөніндегі агенттiгi туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 ж. 22 қыркүйектегі № 786 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 926 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы және Атом қуаты жөніндегі агенттiгi туралы» 1992 жылғы 15 мамырдағы № 779 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы салаларында атом қуатын пайдалану саласын мемлекеттік басқару органы ретiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанында жұмыс iстейтiн және оған жүктелген мiндеттер шегiнде олардың ведомстволық бағыныштылығы мен меншiк нысанына қарамастан республиканың экономикалық қатынастарындағы барлық министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар мен ұйымдар және басқа субъектiлер үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайтын болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөніндегі агенттiгiне:
қолданылып жүрген халықаралық нормаларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы салаларында атом қуатын пайдаланудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
жобаларды мемлекеттік сараптау, оларды атом қуаты, ядролық технология, радиоактивтiк қалдықтарды қолданудың технологиясы салаларында iске асыру жөніндегі бағдарламалар мен шараларды үйлестiру;
Қазақстан Республикасының атомдық-өнеркәсiптiк кешенi кәсiпорындарында жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау;
Қазақстан Республикасының аумағындағы атомдық-өнеркәсiптiк кешенi объектiлерiн лицензиялау;
ядролық материалдардың және ядролық технологиялардың экспорты мен импортына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
республиканың мүдделi министрлiктерiмен, ведомстволарымен бiрлесiп атом қуаты мен ядролық технология саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық, экономикалық және хұқықтық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
атом қуаты мен ядролық технология саласындағы Қазақстан Республикасы кәсiпорындары мен ұйымдарының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi хұқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар туғызу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасы Атом қуаты жөніндегі агенттiгi құрамында Агенттiктiң Бас директорының бiрiншi орынбасары басқаратын Қазақстан Республикасының атомдық-өнеркәсiптiк кешенiнiң кәсiпорындарындағы жұмыстың қауiпсiз жүргiзiлуiн және радиоактивтiк қалдықтардың тасымалдануын қадағалау жөніндегі Бас басқарма, сондай-ақ Агенттiктiң Бас директоры басқаратын Ғылыми-техникалық кеңес құрылсын.
4. Қазақстан Республикасы Атом қуаты жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны 35 адам (ғимаратты күзету және қызмет көрсету қызметкерлерiнсiз) болып белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөніндегі агенттiгiнiң қызметкерлерiне Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында жалақыны өсiру мен реттеу туралы» 1992 жылғы 25 сәуірдегі № 730 Жарлығын iске асыру туралы» 1992 жылғы 20 мамырдағы № 448 қаулысында көзделген еңбекке ақы төлеудiң шарттары қолданылсын (№ 2 таблица).
6. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөніндегі агенттiгiнiң Бас директорына агенттiктiң құрылымы мен штат кестесiн бекіту хұқы берiлсiн.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөніндегі агенттiгiнiң аппаратын ұстау үшiн қажеттi қаржы қарастырсын.
8. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөніндегі агенттiгiнде Бас директордың 3 орынбасары, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары және құрамы 7 адамнан алқа болуға рұқсат етiлсiн.
9. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөніндегі агенттiгi Бас директорының лауазымы медицина, тұрмыс жағынан қамтамасыз ету мен көлiк қызметiн көрсету жағынан республика министрiнiң лауазымына, ал Бас директоры орынбасарларының лауазымдары республика министрлерi орынбасарларының лауазымдарына теңестiрiлсiн.
10. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөніндегі агенттiгiне қызмет бабындағы 4 жеңiл автомобильдiң лимитi белгiленсiн.
11. Қазақстан Республикасының Ғылыми және жаңа технологиялар министрлігі, Энергетика және отын ресурстары министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Экология және биоресурстар министрлігі, Ғылым академиясы, Атом қуаты жөніндегі агенттiгi, Атом қуаты мен өнеркәсiбi кәсiпорындарының Қазақ мемлекеттік корпорациясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы 2 ай мерзiм iшiнде атом қуатын, ядролық технологиялар мен ядролық-физикалық әдiстердi зерттеулер жүргiзу мен пайдалануды ұйымдастыру саласындағы қызметтiң мiндеттерi мен ауқымын шектеу жөніндегі шараларды белгiлеп, жүзеге асырсын. Республика Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiне өзгерістер енгiзудi талап ететiн мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тиiстi ұсыныстар енгiзсiн.
12. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөніндегі агенттiгi республикасының мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен келiсуi бойынша Агенттiк туралы ереженiң жобасын және Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөніндегі Халықаралық Агенттiкке (МАГАТЭ) кiруi жөнiнде 3 ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар түсiрсiн.
13. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi Алматы қаласының әкімімен бiрге Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппаратын орналастыру жөніндегі ұсынысты қарап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бiр ай мерзiм iшiнде түсiретiн болсын.
14. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігі тiкелей шарттар бойынша Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөніндегі агенттiгiн қажеттi телефон, телеграф және телефакс байланысымен қамтамасыз етсiн.
15. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Мемэкономкомы, Материалдық ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөніндегі агенттiгiне жиhаз, жабдықтар, мүкәммал, кеңсе тауарлары мен қағаз сатып алуға қажеттi қаржыны 1992 жылға iздестiрiп және одан былай бөлiп отыруды көздесiн.
16. Республикалық валюта комитетiне Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөніндегі агенттiгiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға арналған қажеттi валюта қаржысын қарастыру ұсынылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi