Қазақстан Республикасының салалық кен-құтқару, атқыламаларды
тұмшалау және газ-құтқару әскерилендiрiлген бөлiмдерi және кен-құтқару
iсiнiң бүкiлодақтық ғылыми-зерттеу институтының Қарағанды
бөлiмiн қайта құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1992 жылғы 31 тамыздағы № 724 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1097 Қаулысымен күші жойылды, 4-тармағын қоспағанда
Жалпыодақтық министрлiктердiң таратылуына және бұрын оларға ведомстволық бағыныста болып келген кәсiпорындар мен ұйымдардың республикалар қарамағына көшуiне байланысты және салалық кен-құтқару, атқыламаларды тұмшалау және газ-құтқару әскерилендiрiлген бөлiмдерi қызмет көрсететiн кәсiпорындардағы апаттардың, күйреулер мен табиғи зiлзалалардың зардаптарын жою кезiнде осы бөлiмдердiң ұйымдастырылуын, құрылымы мен өзара iс-қимылын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Мамандандырылған (коммерциялық емес) ұйымдар болып табылатын кен-құтқару, атқыламаларды тұмшалау және газ-құтқару әскерилендiрiлген бөлiмдерi өздерi қызмет көрсететiн кәсiпорындардан бөлiнген қаржы есебiнен ұсталатын, заңды ұйымдық мәртебесi бар, қауiптi өндiрiстерi бар тау-кен, атом энергетика, мұнай-газ өндiру және мұнай-газ өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарына, геологиялық-барлау және химия кәсiпорындарына ұдайы тәулiк бойы қызмет көрсетуге арналатын болып белгiленсiн.
Әскерилендiрiлген бөлiмдер өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын және республиканың тиiстi министрлiктерi бекiткен салалық ережелердi басшылыққа алады.
2. "Қазақстан Республикасының салалық кен-құтқару, атқыламаларды тұмшалау және газ-құтқару әскерилендiрiлген бөлiмдеріндегі қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанға дейiн әскерилендiрiлген бөлiмдердiң жеке құрамына бұдан бұрын бекітілген жеңiлдiктер сақталсын және олардың оперативтiк құрамы әлеуметтiк қорғалу мәселелерiнде қызмет көрсететiн кәсiпорындарының негiзгi мамандықтағы еңбеккерлерiнiң санатына теңестiрiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі, Энергетика және отын ресурстары министрлігі, Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі, өз құрамында әскерилендiрiлген кен-құтқару, атқыламаларды тұмшалау және газ-құтқару бөлiмдерi қызмет көрсететiн кәсiпорындары бар компаниялар, корпорациялар мен концерндер:
апаттан құтқару жұмыстарының орындалуын үйлестiру, қарамағындағы кәсiпорындардың апатқа қарсы қорғаныс жайына және әскерилендiрiлген бөлiмдердiң оперативтiк-техникалық әзiрлiгiне бақылау жасау, ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарының жүргiзiлуiне басшылық ету, әскерилендiрiлген бөлiмдердiң жеке құрамындағы кадрларды даярлау және қайта даярлау, қарамағындағы бөлiмдердi жабдықтауға арналған қажеттi аппаратура, аспаптар мен қорғану құралдарын шығаруға тапсырыстар беруге жәрдемдесу үшiн өздерiнiң құрылымында кен-құтқару, атқыламаларды тұмшалау және газ-құтқару әскерилендiрiлген бөлiмдерiн басқару органдарын құрсын;
кен-құтқару, атқыламаларды тұмшалау, газ-құтқару бөлiмдерi мен олардың бөлiмшелерiнiң құрылымын, республика территориясында орналасуын үш ай мерзiм iшiнде қарап, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзу және кен iсiн қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетiмен (Мемкенқадағалаукомы), жергiлiктi басқару органдарымен келісіп, бекiтетiн болсын, сондай-ақ тиiстi нормативтi құжаттарды әзiрлей отырып, салалық әскерилендiрiлген бөлiмдердiң қызметi туралы ереженi бекiтсiн.
4. Кен-құтқару iсiнiң Бүкiлодақтық ғылыми-зерттеу институтының Қарағанды бөлiмi Қазақстан Республикасы кен құтқарушыларының ғылыми-инженерлiк орталығы болып қайта құрылсын, ол Энергетика және отын ресурстары министрлігінiң құрамына енгiзiлсiн.
Энергетика және отын ресурстары министрлігі Өнеркәсiп министрлігімен, Мемқадағалаукомымен келісіп, Ғылыми-инженерлiк орталықтың екi ай мерзiм iшiнде Жарғысын бекiтсiн.
5. Кен-құтқарушыларының ғылыми-инженерлiк орталығы республиканың бүкiл территориясында өзiне Энергетика және отын ресурстары министрлігі жүктеген айрықша жұмыстарды, соның iшiнде Энергетика және отын ресурстары министрлігінiң қарауына кiрмейтiн кәсiпорындар үшiн де орындайтын болып белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі Энергетика және отын ресурстары министрлігімен, Геология және жер қойнауын қорғау министрлігімен, Мемкенқадағалаукомымен бiрлесе отырып, салалық әскерилендiрiлген бөлiмдер мен ғылыми-инженерлiк орталықты кен-құтқару жабдығымен, өрт сөндiретiн техникамен және құрал-сайманмен жарақтандыру үшiн сұранысты анықтасын және 1993 жылдан бастап оларды кәсiпорындарда шығаруды ұйымдастырсын.
7. Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлігі кен-құтқару, атқыламаларды тұмшалау және газ-құтқару бөлiмдерiн, ғылыми-инженерлiк орталықты өздерiнiң өтiнiмi бойынша және олар қызмет көрсететiн кәсiпорындардың қаржысы есебiнен қажеттi техника, көлiк құралдарын, бақылау-өлшеу аспаптары мен материалдарды бөлудi көздесiн.
8. Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомына салалық кен-құтқару, атқыламаларды тұмшалау және газ-құтқару әскерилендiрiлген бөлiмдерiнiң қызметiне қадағалау және әдiстемелiк басшылық жасау, оларды орналастыру схемаларын, апаттарды жою жоспарларын, ережелердi, өзге де нормативтiк және жұмысын реттейтiн құжаттарды әзiрлеу мен келiсу жүктелсiн.
Мемкенқадағалаукомы орталық аппараттың құрылымында салалық әскерилендiрiлген бөлiмдермен жұмыс жөніндегі мамандандырылған басқарма (бөлiм) құруды көздесiн, ал Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қызметтi қалыптастыру үшiн Мемкенқадағалаукомына бюджеттен тиiстi қаржы бөлетiн болсын.
9. Республика территориясында күйреулер мен табиғи зiлзалалардың зардаптарын жою жөніндегі апаттан құтқару жұмыстарын шұғыл түрде ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясына салалық кен-құтқару, атқыламаларды тұмшалау және газ-құтқару әскерилендiрiлген бөлiмдерiн жедел түрде тартуға хұқық берiлсiн.
Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігімен, Энергетика және отын ресурстары министрлігімен, Геология және жер қойнауын қорғау министрлігімен және Мемкенқадағалаукоммен бiрлесе отырып, салалық кен-құтқару, атқыламаларды тұмшалау және газ-құтқару әскерилендiрiлген бөлiмдерi бөлiмшелерiнiң төтенше жағдайларда осы бөлiмшелер қызмет көрсетпейтiн аймақтар мен кәсiпорындарда апаттан құтқару жұмыстарына iркiлiссiз қатысуға әзiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенiн белгiлеп, бекiтсiн.
10. Энергетика және отын ресурстары министрлігі, Өнеркәсiп министрлігі, Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі "Қазақстан Республикасының салалық кен-құтқару, атқыламаларды тұмшалау және газ-құтқару әскерилендiрiлген бөлiмдеріндегі қызмет туралы" Заңының жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігімен, Әдiлет министрлігімен, Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комиссиямен және Мемкенқадағалаукоммен келiсе отырып, 1992 жылдың қараша айына дейiн ұсынатын болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi