«Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңын іске
асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1369 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 942 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызудың тәртібі мен өлшемдері бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
31 желтоқсандағы
№ 1369 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызудың тәртібін бекіту Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігі болып табылады.
Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды меншік нысандарына қарамастан санаттарға жатқызудың тәртібі бекітілген өлшемдерге сәйкес белгіленеді.
Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға жатқызу өлшемдері:
Азаматтық қорғаныс бойынша қалалар мынадай топтарға жатады:
"ерекше топ" - Қазақстан Республикасының астанасы, республикалық маңызы бар қалалар және халқы 1 млн. және одан көп қалалар;
"санаттандырылған қала" - авария кезінде радиоактивті және күшті әсер ететін улы заттар мен зақымдану аймағына қаланың (аумақтың) халқының 50 және одан көп проценті түсетін радиациялық және химиялық қауіпті объектілері бар, азаматтық қорғаныс бойынша 10 және одан көп санаттандырылған ұйымдар (объектілер) мен қалалары бар облыстардың әкімшілік орталықтары, қалалар.
Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларының тізбесін Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының бастығы бекітеді.
Қалалардың тізбесіне енгізілетін өзгерістерді Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті ұсынады.
Ұйымдарды азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызудың өлшемдері:
Азаматтық қорғаныс бойынша санаттандырылған объектілерге өнеркәсіптің, көліктің, энергетиканың және байланыстың жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан, қайта жаңартылған және жобаланған маңызды кәсіпорындары; елеулі және мемлекеттік, қорғаныстық маңызы бар ғылыми-зерттеу институттары мен конструкторлық бюролар; мұнай-газ кеніші басқармалары; мемлекеттік маңызы бар сирек кездесетін құндылықтар объектілері (архивтер, мұражайлар, кітапханалар, сурет галереялары); елдің ірі өнеркәсіптік және әкімшілік орталықтарының су құбыры шаруашылықтары, өнеркәсіп шикізаттары, мұнай, материалдық және азық-түлік базалары және мемлекеттік маңызы бар басқа да құбырлары бар объектілер жатуы мүмкін.
Экономикалық көрсеткіштері бойынша азаматтық қорғаныс бойынша санаттандырылғандардың қатарына жатқызылмайтын барлық қалған кәсіпорындар мен мекемелер санаттандырылмаған объектілер деп аталады.
Өндірістік бірлестіктер, фирмалар және комбинаттар, егер олардың кәсіпорындары, цехтары және басқару органдары бір өндірістік алаңға орналасқан жағдайда санаттандырылған объектілерге жатады. Бірлестіктердің, фирмалардың және комбинаттардың кәсіпорындары мен цехтары әр түрлі өндірістік алаңға орналастырылған кезде олар азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетпен келісім бойынша жатқызылады.
Шахталар, құрылыс ұйымдары, кеніштер, әкімшілік мекемелері, қоғамдық және ерікті ұйымдар, санаторийлер, демалыс үйлері, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы кәсіпорындар (театрлар, кинотеатрлар, цирктер, коммуналдық- тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары), қорықтар азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылмайды.
Жобаланатын объектілерге азаматтық қорғаныс бойынша санат "П" индексімен белгіленеді. Мысалы: "ЕМ-п санаттағы объекті", "I-п санаттағы объекті", "II-п санаттағы объекті". Объектіні санаттарға жатқызу үшін ұсынған ұйымнан алынған, аталған объекті құрылысының басталғандығы туралы растаудан кейін, "п" индексі есептеу деректерінен алынып тасталады.
Азаматтық қорғаныс бойынша санаттандырылған ұйымдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті жасайды.
Облыстардың әкімдері министрліктер мен ведомстволар ұсынған деректердің негізінде азаматтық қорғаныс бойынша санаттандырылған ұйымдар туралы ақпарат қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне жолдайды.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті негізгі көрсеткіштердің тізбесін, құжаттың нысанын және облыс әкімдерінің, министрліктердің және ведомстволардың тиісті ақпараттар ұсынуының тәртібін бекітеді.