«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың
1998 жылға арналған бюджетi туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 13 ақпандағы № 109 қаулысы
(2005.27.07. берілген өзгерістермен)
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 1998.11.27. № 1199 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың 1998 жылға арналған бюджетi:
шығыстар бойынша 56340 млн. теңге сомасында,
бюджеттен ресми трансферттер 58900 млн. теңге,
шығыстар бойынша 115240 млн. теңге сомасында атқаруға қабылдансын.
ҚР Үкіметінің 1998.11.27. № 1199 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың 1998 жылға арналған бюджетiнiң кiрiсi заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiкпен және өзге де қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi зейнетақы жарналарының, ресми трансферттердiң банктер несиелерінің және Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына көрсетілген қызметтер үшін алынған қаражаттың есебiнен қалыптасады деп белгiленсiн.
3. 1998 жылы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан қаржы:
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнетақы төлеуге:
зейнетақы төлеудi ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсету шығыстарына жұмсалсын.
ҚР Үкіметінің 1998.12.30. № 1363 қаулысымен 4-тармақ толықтырылды
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің несиесiн өтеудi қамтамасыз ететiн сметасын 570,0 млн. теңге және Астана қаласына қоныс аударуына байланысты Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қызметкерлеріне қызметтік тұрғын үй сатып алуға 29,5 млн. теңге сомасында белгiленген тәртiппен (қосымшаға сәйкес) бекiтсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1998 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне зейнетақы төлеуге 52 500 млн.теңге сомасында ресми трансферттер, оның iшiнде зейнетақы төлеуге арналған несие келісімдерi жөніндегі мiндеттемелердi қаржыландыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының 1997 жылдың желтоқсанында есептелген зейнетақыны төлеуi үшiн 6180 млн. теңге бөлсiн.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа мiндеттi зейнетақы жарналарының толық және уақтылы жиналуын қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 1998.11.27. № 1199 қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1998 жылы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа түскен нақты кірісті есепке ала отырып, зейнетақы төлеуге арналған ресми трансферттердің сомасын Үкіметтің кезек күттірмейтін мұқтаждарына Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің кіріс және шығыс жіктемесіндегі "Экономикалық қызметпен байланысты өзге де қызмет көрсетулер" деген 13-функционалдық тобы бойынша көзделген қаражаттың есебінен 6400 млн. теңге ұлғайтсын.
7. ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күшін жойды (бұр.ред.қара)
8. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың 1998 жылға арналған бюджетiнiң атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 13 ақпандағы
№ 109 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 1998.11.27. № 1199 қаулысымен қосымша өзгерді
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталықтың 1998 жылға арналған
БЮДЖЕТI
млн.теңге
КIРIСТЕР
1. Заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмастан
кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке
тұлғалардың мiндеттi зейнетақы жарналары
55600
2. Республикалық бюджеттен берiлетiн трансферттер 58900
2-1. Банктердің несиесі - барлығы 710
оның ішінде жабдық сатып алуға 410
2-2. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы
қорына көрсетілген қызметтер үшін
алынған қаражат 30
Барлық кiрiс 115240
ҚР Үкіметінің 1998.12.30. № 1363 қаулысымен қосымша толықтырылды
ШЫҒЫСТАР
1. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес төленетiн
зейнетақыны төлеу 95493
2. Зейнетақы төлемдерiн индекстеуге арналған
қаражат 8667
3. Зейнетақы төлеудi ұйымдастыру жөніндегі
қызмет көрсетулерге кететiн шығыстар 624
4. Жерлеу үшiн берiлетiн жәрдемақыны төлеу 985
5. Шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға
еңбек жарақаты немесе кәсiби ауруының
нәтижесiнде тағайындалған жәрдемақыны
төлеу 39
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
несиесiн өтеудi қоса алғанда, Зейнетақы
төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың
шығыстар сметасы бойынша, оның iшiнде, 1551,5
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнен
алынған несиенi өтеу 570
Астана қаласына қоныс аударуына байланысты 29,5
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталықтың қызметкерлеріне қызметтік тұрғын
үй сатып алуға арналған шығыстар
Банк несиесін өтеуге арналған шығыстар 300,5
Барлық шығыс: 107660
Шығыстың кiрiстен асуы 51320
Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының,
зейнетақы төлеуге арналған несие келісімдерi
жөніндегі қаржылық мiндеттемелердi орындауын
қоса алғанда 1997 жылдың желтоқсанында
есептелген зейнетақыны төлеуi 7580
Барлық шығыс 115240