Қарағанды аймағын сумен жабдықтауды жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 13 қарашадағы № 1161 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 301 қаулысымен күші жойылды
Қарағанды аймағын 1998/99 жылғы қысқы кезеңде сумен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Агенттік) 1998 жылға арналған республикалық бюджетте несиелендіруге көзделген қаражаттың есебінен, 1999 жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімге, белгіленген тәртіпте 120 (бір жүз жиырма) млн. теңге бөлуді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Агенттіктің белгіленген тәртіпте көрсетілген қаражатты, қарыздың қайтарылуын қамтамасыз ететін оның мүлкін кепілге алып, процентсіз қарыз нысанында "Ертіс-Қарағанды каналы" ашық акционерлік қоғамына бөлу жөнінде шешім қабылдауын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы" 1998 жылғы 16 қазандағы № 1055 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылау жасау жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі