Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1680 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 тамыздағы № 770 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.29.04. № 343 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1680 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 52, 478-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі туралы ережеге:
3-тармақта:
төртінші азатжолдағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары» деген сөздер алынып тасталсын;
бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші азатжолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның палаталарының нормативтік қаулылары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
Ұлттық Банктің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, орталық атқарушы органдардың азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын немесе ведомствоаралық сипаты бар нормативтік құқықтық актілері;»
4-тармақтың екінші азатжолында:
«енгізілгеннен кейін бес күн ішінде» деген сөздер алынып тасталсын;
«және орыс тілдерінде» деген сөздерден кейін «қағаз және электрондық сақтаушыларда» деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі