«Еңбек көші-қоны және қоныс аудару тәртібімен
тарихи отанына оралған ұлты қазақ адамдардың құқықтарын
қамтамасыз ету жөніндегі шаралар»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 707 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақтардың еңбек көші-қоны және қоныс аудару тәртібімен тарихи отанына қайтып оралуына, оларды әлеуметтік-құқықтық қорғау жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуына жан-жақты жәрдем көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп еңбек және қоныс аудару тәртібімен Қазақстан Республикасына оралған ұлты қазақ адамдары барлық болған мерзімі ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты түрде тұратындар деп танысын.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
еңбек көші-қоны және қоныс аудару тәртібімен тарихи отанына оралған адамдарды еркін және ерікті түрде ерік білдіруінің негізінде шетелдік азаматтардың ықтиярхаттарымен және азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерімен құжаттандыруды;
жоғарыда аталған құжаттарды 1998 жылы тегін беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі Қаржы министрлігімен бірлесіп 1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті қалыптастыру кезінде Мемлекеттік көші-қон қорының қаражаты есебінен еңбек көші-қоны және қоныс аудару тәртібімен тарихи отанына оралған адамдарды құжаттандыруға арналған шығыстарды көздесін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі