«Инвестициялық жобаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік
кепілдігіне сырттан заем алудың есебінен қаржыландыру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 шілдедегі қаулысы № 669
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
"Сыртқы қарыз алу және сыртқы борышты басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігіне мемлекеттік емес сыртқы заем тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Астана қаласының әуежайын қайта жаңарту мен құрылымын дамыту және "Кең Дала" акционерлік қоғамының мемлекеттік емес сыртқы заемын қайта қаржыландыру жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасын қаржыландыру үшін қаражат тарту жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 1 сәуірдегі № 278 және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемды қайта қаржыландыру туралы" 1998 жылғы 12 маусымдағы № 529 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігіне "Ақмола Қоры" жабық акционерлік қоғамы алатын 50 миллион АҚШ доллары сомасындағы сыртқы заемның есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар ретінде белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін 1-тармақта көрсетілген заем бойынша сыртқы кредиторға берсін, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі