Қазақстан Республикасында радиоактивтi қалдықтарды көмудiң тәртібі туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 қазанағы № 1283 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 сәуірдегі № 347 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасында радиоактивтi қалдықтарды көмудiң тәртібі туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 18 қазандағы
№ 1283 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасында радиоактивтi
қалдықтарды көмудiң тәртібі туралы
Ереже
Жалпы ережелер
1. Осы Ереже жер қойнауына радиоактивтi қалдықтарды көмудiң тәртібін, оларды жер қойнауына көмуге мемлекеттік органдардан рұқсат алудың рәсiмдерiн айқындайды, сондай-ақ бұл үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесiн белгiлейдi.
2. Радиоактивтi қалдықтарды көму пункттерi:
өз мақсаты бойынша:
қойма пунктi;
көму пунктi;
радиоактивтi қалдықтар пункттерiнiң жер бетiне қарағандағы орналасқан тереңдiгi бойынша:
жердегi (жер бетiнде немесе одан жоғары);
жер бетiне жақын (қорғау жапқышының қуаты 10 метрге дейiн, қалдықтар жер бетiнен төмен орналасқан);
тереңдегi (қалдықтар жер бетiнен 10 метрден аса тереңдiкте орналасқан) болып жiктеледi.
Құзыреттi органдардың құқылылығы
3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігінiң - Ғылым Академиясының жанындағы Атом энергиясы жөніндегі агенттiк;
радиоактивтi қалдықтармен жұмыстар жүргiзуге, соның iшiнде радиоактивтiк қалдықтарды көму жұмыстарына құқық беретiн лицензияларды заңды және жеке тұлғаларға берудi (көму пункттерiн жобалау, оларды салу және пайдалануға беру, пайдаланудың өзi, арнайы өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау және көму);
көмiлген радиоактивтi қалдықтарды әрi қарай пайдаланудың мүмкiншiлiгi туралы, уран саласындағы тау-кен және барлау кәсiпорындарына жататын үйiндiлердегi баланстан тыс радиоактивтi кендердiң қалдықтарын қоспағанда қорытындылар беру.
4. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі:
радиоактивтi қалдықтарды жер бетiне жақын және тереңдегi сақтау/көму пункттерiн салуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға жер қойнауын пайдалану құқығын беретiн лицензиялар берудi, сондай-ақ тау-кен барлау, тау-кен өңдеу жұмыстары үйiндiлерiнiң рекультивациясына бөлiнетiн жер қойнауы учаскелерiне лицензия берудi;
мүдделi заңды және жеке тұлғаларға тау-кен үйiндiлерiнен пайдалы минералды компоненттер алу мүмкiншiлiктерi туралы қорытындылар берудi жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі:
радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму пункттерi жобаларының мемлекеттік экологиялық сараптамасын;
лицензия алу iсiнде радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму қызметiмен байланысты жұмыстарға экологиялық қорытындылар берудi;
радиоактивтi қалдықтарды көмуге рұқсат берудi;
радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму пункттерiнде экологиялық бақылауды жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі:
радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму пункттерiн салу жобаларына мемлекеттік санитарлық-гигиеналық сараптама жасауды;
радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму пункттерiне санитарлық-гигиеналық бақылау жасау;
радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму пункттерiне санитарлық төлқұжаттар берудi жүзеге асырады.
7. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетi:
қолданылған жер астындағы кен өндiрiлген жерлердi, табиғи жерасты белдеулерiн пайдалануды;
тау кенi шығарылатын жерлердiң өткелдерi, ұңғымалар бұрғылауы және басқа жұмыстар көзделген сақтау/көму пункттерiн салу жобаларын;
радиоактивтi қалдықтарды жарылыс жұмыстарын және күштi улы заттарды қолдана отырып өңдеудiң технологияларын;
жобалау сатысында арнаулы технологиялық жабдықтарды (қозғалмалы құрама, қысым астындағы ыдыстар, қаптар, электр жабдықтары және басқалар) пайдалану кезiнде техникалық қауiпсiздiктi, сондай-ақ бақылау-өлшеу құралдарымен қамтамасыз етiлуiн қадағалауды келiстiрудi жүзеге асырады.
8. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі:
радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму пункттерiнiң құрылыс жобаларын келiстiрудi;
радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму пункттерiн бұйымдардың, шикiзаттардың және басқа радиоактивтi заттардың ұрлану мүмкiншiлiгiн болдырмау жағынан қорғауды және күзетудi ұйымдастыруды жүзеге асырады.
9. Жергiлiктi (облыстық, аудандық) атқарушы органдар:
ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiнiң учаске бойынша шығындарының есебi, мүдделi тараптардың келiсу хаттамалары қосымшасы қоса тiркелген жер учаскесi актiн ресiмдеудi;
радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму нүктелерiне жер учаскелерiн алу және беру туралы шешiмдердi ресiмдеудi жүзеге асырады.
Қызметi радиоактивтi қалдықтармен байланысты
жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi
10. Шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде радиоактивтi қалдықтармен (сақтау, көму, жинау, тасымалдау, зерделеу, зерттеу және т.б.) байланысты заңды және жеке тұлғалар;
Құзыреттi органдарды белгiленген нысанда тиiстi рұқсат, ал қажет кезiнде осындай жұмыстар жүргiзуге лицензиялар алу үшiн осындай жұмыстарды бастау жөніндегі шешiмi туралы құлақтандыруға және осындай органдарға қажеттi біліктiлiк құжаттарын тапсыруға;
жер қойнауына радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму пункттерi құрылған жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығына лицензия алуға;
көзделiп отырған жер алудың экологиялық және басқа зардаптарын және осы аумақ пен оның жер қойнауының келешегiн есепке ала отырып жер бөлiнiстерiн ресiмдеуге;
орташа активтi және жоғары активтi қалдықтарды сақтау/көму және сұйық қалдықтарды сақтау пункттерiн салу учаскелерiнде жобалау-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге;
радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму пункттерiн экологиялық талаптарға сәйкес салудың жобасын жасауға;
тұрғылықты халықтың және персоналдың және қоршаған ортаның радиациялық қауiпсiздiгi бойынша барлық шараларды қабылдауға;
радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму пунктiне оны пайдалануға берген кезде iс-қимыл жасасу және консервациялау мерзiмiн ұзартқан кезде санитарлық төлқұжатты ресiмдеуге;
жыл сайын өкiлеттi органға радиоактивтi қалдықтардың пайда болуы және қозғалысы туралы статистикалық есептiң белгiленген нысанында мәлiметтер жiберуге мiндеттi.
ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.06.22. № 578
қаулысымен.
11. Iс-қимылдың осы тәртібі бұзылған кезде жеке және заңды
тұлғалар лицензиямен берiлген құқықтарында тiптi оның алынуына дейiн
шектелуi мүмкiн.
Радиоактивтi қалдықтармен байланысты қызметтi
реттейтiн негiзгi құжаттар
12. Радиоактивтi қалдықтар пайда болған кезде мынадай құжаттардың бiрi жасалынады:
радионуклидтi көздердiң шығысы туралы акт;
осы Ереженiң қосымшасына сәйкес радиометрикалық зерттеудiң актi;
пайдалы қазбаларды өндiрудiң балансының ведомостi.
13. Радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму пунктi салынған немесе ұйымдастырылған кезде мынадай құжаттар жасалынады:
радиоактивтi заттармен (қалдықтармен) жұмыстар жүргiзу құқығының лицензиясы;
радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму пунктiнде жер учаскесiн алдын ала таңдау жөніндегі акт;
жер қойнауын пайдалану құқығының лицензиясы (тек жер бетiне жақын және тереңде радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму пункттерi үшiн);
сақтау/көму пунктiн құрудың жобасы;
радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму пункттерiне жер учаскесiн беру және қайтарып алу туралы шешiм (тек жер бетiне жақын және тереңде радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму пункттерi үшiн);
авариялар, төтенше жағдайлар болған жағдайдағы халық үшiн қауiпсiздiк ережесi.
14. Радиоактивтi қалдықтарды сақтау/көму пункттерi ұйымдастырылған кезде:
пунктiнiң санитарлық төлқұжаты;
радиоактивтi қалдықтарды есепке алу журналы;
мониторинг журналы жасалынады.
Қосымша
радиометрикалық зерттеудiң
АКТI
№_________ 199__ж.»« ______________________
1. Объектiнiң орналасқан жерi
__________________________Аномалия №_______________құрал___________
__________________________Лента №____________»« ___________199__ж.
__________________________Маршруттар №_____________________________
Операторлар _____________________________
2. Радиоактивтi ластанған объектiнiң сипаттамасы, МЭД максимумы
және фоны мкр/с (құрал, тексеру күнi, оператор)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
3. Қорытынды _________________________________________________
___________________________________________________________________
Радиоактивтi ластанған объектi ____________________________________
_______________________санэпидемстанциясының (СЭС) және ___________
азаматтық қорғаныс штабының өкiлдерiне дезактивациялау үшiн
берiлген.
Қолдары ___________________________
___________________________ (СЭС)
___________________________ (АҚ)
Берiлген күнi
"« _______________199__ж.