«Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом компаниясының кейбір мәселелерi
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы
18 ақпандағы № 116 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi заңда белгiленген тәртiппен "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Байқаушы кеңесiнiң мына құрамын бекiтсiн:
Оразбаев Б.Е. - Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және
сауда Вице-министрi, төраға
Андрющенко А.И. - Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөніндегі агенттiгi
төрағасының орынбасары
Жантикин Т.М. - Қазақстан Республикасының
Ғылым министрлігі - Ғылым
академиясы Атом энергиясы
жөніндегі агенттiгiнiң директоры
Ыдырысов Е.Ә. - Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер вице-министрi
Мәсiмов К.К. - Қазақстан Акционерлік Халықтық
Жинақ Банкi Басқармасының
төрағасы
Раханов М.С. - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
мүлiк және жекешелендiру
департаментiнiң директоры
Шаяхметов Б.М. - "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом
компаниясының президентi
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
«Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом компаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi № 1148 қаулысының 6-тармағы;
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi № 1148 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 25 шiлдедегi № 1179 қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi