"Каскор" акционерлік компаниясының тау-кен қайта өңдеу кешенiн
консервациялау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 16 ақпандағы № 113 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
Уран рудасын өндiру және қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды қайта бастаудың экономикалық орынсыздығынан "Каскор" акционерлік компаниясының тау-кен-қайта өңдеу кешенiн консервациялау жөніндегі шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. "Каскор" акционерлік компаниясының Меловое және Тоқмақ кен орындарында уран рудасын өндiрудi және қайта өңдеудi тоқтату туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың қатысуымен 1998 жылы:
жұмыс iстеген кен орындарының карьерлерiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінiң бiрыңғай Мемлекеттік жер қойнауын қорына берудi;
Пайдалы қазбаларды өндiру және қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындарды таратудың және консервацияның тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес № 3 және 5 карьерлердi консервациялау режимiне дайындауды;
өндiрiстiң тау-кен, байыту, химиялық-металлургиялық және басқа да түрлерi қалдықтарының барлық техногендiк минералдық түрлерiн Қазақстан Республикасының минералдық шикiзаттарды өндiру және қайта өңдеу қалдықтарын және қалдықтарды көмудiң кадастрын жүргiзу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес төлқұжаттандыруды жүзеге асыруы тиiс жұмыс комиссиясын құрсын.
3. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісім бойынша тау-кен өндiрiлген жерлердi қосымша рекультивациялаусыз қабылдасын.
4. Маңғыстау облысының әкімі Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бiрлесiп, үш айлық мерзiм iшiнде, тоқтатылған карьерлердiң iшкi ұңғыларының аумағында уытты және радиоактивтi қалдықтарды көму (сақтау) үшiн полигондар құру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
5. Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бiрлесiп, бiр айлық мерзiм iшiнде, жылдар және шығындардың тiзбелерi бойынша бөлу арқылы консервациялаудың бүкiл кезеңiне арналған "Каскор" акционерлік компаниясының объектiлерiн консервациялау жөніндегі шараларды жүргiзуге арналған қажеттi қаражаттың мөлшерiн айқындасын.
6. "Каскор" акционерлік компаниясының негiзгi қаражатты, оның iшiнде тау-кен өндiрушi жабдықтарды, көмекшi тетiктердi және басқа да жабдықтарды объектiлердi консервациялауға арналған шығындарды өтеудiң есебiне сату туралы ұсынысына келісім берiлсiн.
7. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi бiр айлық мерзiм iшiнде комиссиялық түрде сатуға жататын жабдықтар мен материалдардың тiзбесiн айқындасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi