Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру
бiрлестiгi санаторийлерiне жолдамалардың құнын бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1992 ж. 16 шiлдедегі № 602 қаулысы
(1992.26.10. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Бағаны ырықтандыруға және Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi санаторийлерiнде сырқаттарды күту мен емдеуге жұмсалатын нақтылы шығынның өсуiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. ҚР Министрлер Кабинетінің 1992.26.10. № 896 қаулысымен күшiн жойды
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1992 жылдан бастап тiркелген адамдарға "Алатау" санаторийiне жолдамалар өткiзуге байланысты шығынын өтеу үшiн Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiне қаржы бөлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi