Отын пайдалану қорының нормасы туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 19 желтоқсандағы № 577 өкімі
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1143 Қаулысымен күші жойылды
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2724 Заң күшi бар Жарлығы 17-бабының 2-тармағына сәйкес және республика тұтынушыларын күзгi-қысқы кезеңде энергиямен жабдықтауды сенiмдi қамтамасыз ету мақсатында, меншiк нысанына қарамастан, энергия көздерiнде отынның пайдалану қорының мынадай нормасы бекітілсiн:
отын жеткiзу арақашықтығы 100 км дейiн болған жағдайда - 15 тәулiк;
отын жеткiзу арақашықтығы 100 км артық болған жағдайда - 30 тәулiк.
Премьер-Министрi