«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 11 сәуірдегі № 570
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 12 қыркүйектегі № 1332 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
«Пәтер иелерiнiң тұтыну кооперативтерiнiң қызметiн қолдау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 17 сәуірдегі № 570 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
2-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Тұрғын үйлердегi жекешелендiрiлмеген үй-жайлар (үйлердiң "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес ортақ меншiк құқығымен мекен-жай иелерiне тиесiлi бөлiктерiн қоспағанда) мемлекеттік меншiк болып табылады және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жекешелендiруге жатады";
3, 4, 5 және 6-тармақтар тиiсiнше 4, 5, 6 және 7-тармақтар болып есептелсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары