Жарылыс заттар мен жару кұралдарын сату туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің өкімі 1994 жылғы 29 шiлде № 297-ө
ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына Қазақстан Республикасының аумағы шегiнде "Жарылыс" Мемлекеттік акционерлік компаниясы арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы балансқа алған жарылыс заттары мен жару құралдарын сатуға 1994 жылғы 21 сәуірдегі актiге сәйкес рұқсат етiлсiн.
Көрсетiлген мүлiктi сатудан түскен қаражат Курчатов қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн жабдықтар сатып алуға және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының өндiрiстiк мұқтажына мақсатқа сай жұмсалсын.
Премьер-министр