«Телерадиохабарларының мемлекеттік бағдарламасын
тарату тәртібі туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 желтоқсандағы № 1527 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ақпарат кеңiстiгіндегі телерадиохабарлары саласында мемлекет мүдделерiн сақтау және осы бағдарламаларды әзiрлеуде және таратуда тiлдiк балансты сақтауды ескере отырып мемлекеттік телерадиохабарларын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Бұрын мемлекеттік телерадиохабарлары үшiн бөлiнген және жыл сайынғы мемлекеттік тапсырыс болып айқындалатын радиожиiлiктер Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөніндегі ұлттық агенттiгiне бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөніндегі ұлттық агенттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
үш ай мерзiмде Қазақстан Республикасының аумағына шет ел мемлекеттерiнiң және Қазақстан Республикасының аумағынан басқа елдерге телерадиобағдарламаларын таратудың бекітілген тәртібін;
телерадиохабарлары мемлекеттік бағдарламасының көлемi мен кестесiн және халықты қамтуын;
Қазақстан Республикасының аумағында телерадиобағдарламаларын берудi және таратуды жүзеге асыратын кәсiпорындарды қаржыландыру көздерi мен сызбаларын;
3 бағдарламалы өткiзгiштi радиохабарлары арнасын мемлекеттiң мүддесiн ескере отырып пайдалану тәртібін:
Қазақстан Республикасының аумағында меншiк нысанына қарамастан, телерадиохабарлары бағдарламаларының сапасына техникалық бақылау жасау қызметiнiң жұмысын жаңалау жөнiнде ұсыныс тапсырсын.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөніндегі ұлттық агенттiгiне:
"Хабар Агенттiгi" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының бағдарламаларын Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша таратуға арналған метрлiк диапазонды теледидар арнасын;
Алматы қаласында аралық хабар жасауға арналған дициметрлiк диапазонды бiр теледидар арнасын;
Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясы Қазақ радиосының бiрiншi және екiншi бағдарламаларын трансляция жасауға арналған ҒМ диапазонды екi радиохабарлар арнасын;
әр облыста аймақтық телерадио бағдарламаларын таратуға арналған екi теледидар арнасын және екi радиохабарлары арнасын қосымша бекiтсiн.
4. Мемлекеттік телерадиоарналары жалға берiлмейдi деп белгiленсiн.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары И.Н.Тасмағамбетовке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi