"Павлодартрактор" акционерлік қоғамын қаржы-экономикалық сауықтыру
және машина жасау кешенiнiң басқа кәсiпорындарымен кооперациялау
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы
1996 жылғы 20 қараша № 1414
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
"Павлодартрактор" акционерлік қоғамында қаржы-экономикалық сауықтыру процедурасы жүргiзiлгеннен берi 2865 трактор мен булдозер шығарылды, кредиторлық берешектiң, еңбекақы жөніндегі берешектiң бiр бөлiгi өтеледi, ағымдағы төлемдер жүзеге асырылуда.
Республиканың агроөнеркәсiп кешенiн ауыл шаруашылық техникалар мен одан әрi қамтамасыз ету және "Павлодартрактор" акционерлік қоғамының өндiрiсiн тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Республикада ДТ-75 тракторын шығарудың негiзiнде және негiзгi торабы мен жиынтық бұйымдарын дайындай отырып Т-95 тракторын шығаруға көшудi аралас кәсiпорындармен ұйымдастырудың "Ауылшармаш" акционерлік компаниясы мен "Павлодартрактор" акционерлік қоғамының ұсынған "Павлодартрактор" акционерлік қоғамын кооперациялаудың тұжырымдамалық схемасына келісім берiлсiн.
2. "Павлодартрактор" акционерлік қоғамының жылына 4000 данадан кем емес трактор шығару үшiн шарттармен қамтамасыз етiлуi ескерiлсiн.
Тракторлар шығарудың 25 процентiне дейiн "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау өнiмiмен қамтамасыз ету жөнiнде лизинг қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 қаңтардағы № 117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж, № 6, 34-бап) сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан құрылған лизинг қоры есебiнен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдаудың мемлекеттік қоры және лизинг шарттарына сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi техникамен қамтамасыз ету үшiн сатып алынады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiсiн "Ауылшармаш" акционерлік компаниясымен бiрлесе отырып 1996-1997 жылдары "Павлодартрактор" акционерлік қоғамының бағдарламасына:
"Петропавл ауыр машина жасау заводы", "Семей машина жасау заводы" және "Қостанай дизель заводы" акционерлік қоғамдарын тарта отырып "Алматы станок жасау заводы" акционерлік қоғамының негiзiнде "Павлодар трактор" акционерлік қоғамының трансмиссиялар шығаруын ұйымдастырсын;
"Поршень" және "Литмаш" акционерлік қоғамдарын тарта отырып "Қостанай дизель заводы" акционерлік қоғамында КДЗ-642 двигательдерiн шығаруды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі өндiрiстi ұйымдастыруға байланысты күрделi шығындарды қосымшаға сәйкес мөлшерде қайтарымды негiзде қаржыландыру мүмкiндiгiн қарастырсын.
5. Кооперацияның қабылданған тұжырымдамалық схемасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкінің Кеңесi "Павлодартрактор" акционерлік қоғамының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiне қызмет көрсетуге берiлген аралас кәсiпорындарының қайта құру процедурасын жүргiзу жоспарын бекiтсiн, сондай-ақ вексельдiк кредиттеу мүмкiндiгiн қарастырсын.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, мемлекеттік Медетешi банкi "Павлодартрактор" акционерлік қоғамын қаржы-экономикалық сауықтыруға Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкінің Кеңесiнде санация жоспарын бекiткен соң 415 миллион (төрт жүз он бес) теңге сомада кредит ресурсын бөлсiн.
7. Санация жоспарына сәйкес "Павлодартрактор" акционерлік қоғамына берiлген кредит ресурстарын 1997-1998 жылдары қайтару жөніндегі Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі ұсынған схемаға келісім берiлсiн.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкi кредит ресурстарын қайтаруға қатаң бақылау орнатсын.
8. "Ауылшармаш" акционерлік компаниясы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесе отырып 1997 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде сатуға жататын "Павлодартрактор" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыруды жүргiзiп, "Павлодартрактор" акционерлік қоғамының мүлiк тiзбесiн анықтап және оны заңда белгiленген тәртiппен сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiне берсiн.
9. "Павлодартрактор" акционерлік қоғамының мүлкiн сатудан түскен қаржы санация жоспарына сәйкес "Павлодартрактор" акционерлік қоғамына берiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттік Медетшi банкінің кредиттерiн өтеуге жiберiлсiн.
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі директивтi және басқа орталықтандырылған кредиттерi жөніндегі "Павлодартрактор" акционерлік қоғамының берешегiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiне белгiленген тәртiппен қайта хаттасын.
11. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, заңда белгiленген тәртiппен екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі бекiткен "Ауылшармаш" акционерлік компаниясының ұсынысы бойынша машина жасау кәсiпорындарының станок паркi мен технологиялық жабдықтарды көшiру мәселесiн шешетiн болсын.
12. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі техника-экономикалық көрсеткiштерi мен мемлекеттік бағасын белгiлей отырып "Павлодартрактор" акционерлік қоғамының игерiлген және шығаруға әзiрленген Қазақтың Бас машина сынау станциясында мемлекеттік сынақ жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
№ 1414 қаулысына
қосымша
ДТ-75 және Т-95 тракторларына арналған трансмиссиялар
және двигателдi жасауға байланысты қаржы шығынының
КӨЛЕМДЕРI
(мың теңге)
___________________________________________________________________
Сомасы
___________________________________________________________________
Трансмиссия өндiрiсiне арналған
"Павлодартрактор" акционерлік қоғамы 45000
"Станок жасау зауыты" акционерлік қоғамы 36000
"Семей машина жасау зауыты" акционерлік қоғамы 6909
"Қостанай дизель зауыты" акционерлік қоғамы 5657
"Петропавл ауыр машина жасау зауыты" акционерлік
қоғамы 9702
Барлығы 103268
Двигатель өндiрiсiне арналған
"Қостанай дизель зауыты" акционерлік қоғамы 31775
Жиыны 135043