Қазақстан Республикасында пайдалы қазба қорларының мемлекеттік
балансын жүргiзудiң тәртібі туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 қазандағы
№ 1287 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 762 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Берiлiп отырған Қазақстан Республикасында пайдалы қазба қорларының мемлекеттік балансын жүргiзудiң тәртібі туралы Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 18 қазандағы
№ 1287 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасында пайдалы қазба қорларының
мемлекеттік балансын жүргiзудiң тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының аумағындағы пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансын жүргiзудiң бiрыңғай тәртібін (бұдан әрi - мемлекеттік баланс) белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасының минералды-шикiзат базасының әрбiр жылдың 1 қаңтарына қарағандағы жалпы ахуалы туралы толық және сенiмдi мәлiметтер алу - пайдалы қазба қорларын есепке алудың негiзгi мақсаты болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының пайдалы қорлары жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының ҚМК) белгiленген тәртiпте бекiткен, бұрын бұрынғы КСРО пайдалы қазба қорлары жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрi - КСРО ҚМК), пайдалы қазба қорлары жөніндегі аумақтық комиссиялар (бұдан әрi - ҚАК) бекiткен Қазақстан Республикасының жер қойнауында барланған пайдалы қазбалардың барлық түрлерiнiң қорлары оның iшiнде мұнай, мұнайда ерiтiлген бос газ, конденсат, сондай-ақ йод, бром және өнеркәсiп, оның iшiнде мұнай суларында бар басқа бағалы компоненттер;
кен орындарын пайдаланған кездегi жер қойнауындағы пайдалы қазбаны өндiрудiң және шығындардың, сондай-ақ өндiру процесi кезiнде қорлар оларды асыра бағалау, өткiзiлген пайдалану және барлау жұмыстарының нәтижесіндегі және басқа себептерден болған өзгерiстерiнiң мәлiметтерi - мемлекеттік баланста есепке алынуға тиiс.
4. Барлау лицензиясы, бiрiктiрiлген барлау және өндiру лицензиясы бойынша жұмыстар жүргiзiлген жағдайда потенциалды коммерциялық объектiлердi сынама пайдалануға Құзыреттi орган Қазақстан Республикасының ҚМК немесе ҚАК-тың алдын ала сараптау қорытындылары бойынша олардың қорларын мемлекеттік балансқа қойғанға дейiнгi мерзiмге рұқсат бередi.
5. Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік баланспен есепке алу Қазақстан Республикасының ҚМК бекiтетiн пайдалы қазба кен орындары қорларының классификациясына сәйкес жүргiзiледi.
6. Пайдалы қазба қорларының ахуалы мен қозғалысын есепке алу:
кен орындары, қажет болған кезде - учаскелер (мұнай және газ үшiн - тоғырлар), жеке кенiш алқаптары, шахта алқаптары және т.б.;
пайдалы қазбалардың негiзгi типтерi және сорттары - бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік баланспен есепке алынуға тиiс пайдалы қазба қорлары:
өндiрiлген және өңдеуге жiберiлген;
өндiру барысында жоғалған;
жер қойнауында қалдырылған - болып бөлiнедi.
Бекiтiлген пайдалы қазба қорларынан кейiнгi геологиялық-барлау жұмыстары және пайдалану кезiнде ауытқу қосу және алу белгiлерiмен есептелiнедi.
8. Қазақстан Республикасының ҚМК және ҚАК, КСРО-ның ҚМК бекiткен қосалқы пайдалы қазбалар және компоненттердiң, оның iшiнде бытыраңқы таралған элементтердiң қорлары есепке алынуға тиiс, олардың өндiру, байыту және әрi қарай өңдеу барысында алыну дәрежесiне тәуелсiз.
9. Өндiрiлген және өңделген баланстағы пайдалы қазба қорларын шығарып тастау оларды толық есептеп алу арқылы жүзеге асырылады.
10. Өндiрiлген және арнайы үйiндiлерге жинақталған пайдалы қазба қорлары, өңдеу қалдықтары техногендi, минералды құрылымдардың арнайы есебiне қойылады.
11. Баланстық мағынасын жоғалтқан пайдалы қазба қорларын ресiмдеу Қазақстан Республикасының ҚМС немесе ҚАК шешiмi бойынша жүргiзiледi, ал баланстық мағына алған немесе арнайы үйiндiлерден алынғандарды есепке алуды жер қойнауын пайдаланушы өз бетiнше жүргiзедi.
12. Пайдалы қазба қорлардың, оларды төменгiден неғұрлым жоғары категорияларға ауыстыру процесiнде Қазақстан Республикасының ҚМК немесе ҚАК белгiлеген категориялардың сенiмдiлiк дәрежесiнiң нормативтiк олқылықтар шегіндегі әртүрлi мағынада расталмауын жер қойнауын пайдаланушы өз бетiнше ресiмдейдi, ал қорлар нормативтiк олқылықтардан асатын алу белгiсiмен расталмаған жағдайда мемлекеттік балансқа түзетулер енгiзуге Қазақстан Республикасының ҚМК немесе ҚАК рұқсаты болған кезде рұқсат етiледi.
13. Пайдалы қазба қорларын қайта бекіту олар өзгерген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ Құзыреттi орган бастамасымен жасалынады.
14. Өндiру кәсiпорны жойылған немесе консервацияланған кезде баланстағы пайдалы қазба қорларын шығарып тастау немесе оларды баланстан тыс топқа ауыстыру Қазақстан Республикасының ҚМК немесе ҚАК шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
15. Пайдалы қазба қорларының мемлекеттік балансы бойынша статистикалық есеп нысандарын жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикалық органы бекiтедi.
16. Пайдалы қазба қорларының мемлекеттік балансын жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі өкiлеттi орган ағымдағы жылдың 1 тамызына дейiнгi мерзiмде жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі аумақтық басқармалар тапсырған әкiмшiлiк облыстар бойынша пайдалы қазба қорларының балансы негiзiнде жасайды.
17. Әкiмшiлiк облыстар бойынша пайдалы қазба қорларының баланстарын ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде жер қойнауын пайдаланушылар тапсырған пайдалы қазба қорларының есептiк баланстары негiзiнде жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі аумақтық басқармалар жасайды.
18. Әкiмшiлiк облыстары бойынша пайдалы қазба қорларының мемлекеттік және есептiк баланстары мемлекеттік және есептiк баланстар жасау жөніндегі Нұсқауға сәйкес жасалады.
19. Жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазба қорларының есептiк баланстарын жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі аумақтық басқармаларға ағымдағы жылдың 15-ақпанына дейiн тапсырады. Жер қойнауын пайдаланушылар есептiк баланстарды алғашқы есепке алудың, жылдық есептiң және қорларды қайта есептеудiң, Қазақстан Республикасының ҚМК немесе ҚАК хаттамаларының мәлiметтерi бойынша жасайды.
20. Барланудағы және пайдаланудағы кен орындарындағы пайдалы қазба қорларын есепке алудың дұрыстығын және уақыттылығын лицензия иелерi қамтамасыз етедi.
21. Мемлекеттік баланстағы пайдалы қазба қорларының дұрыстығын және уақыттылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі өкiлеттiк берген жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі республикалық және аумақтық органдар қамтамасыз етедi.