«Зейнетақы қорына мiндеттi төлемдер бойынша мерзiмi өткен берешектi
төмендету жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 2 қазандағы
№ 1215 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Әлеуметтiк мәнi барлығын ескере отырып және Зейнетақы қорына мiндеттi төлемдер бойынша мерзiмi өткен берешектi төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:
1. Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі мен Қазақ әлеуметтiк дамуды кредиттеу акционерлік банкінің кредитордың басқа тұлғаға көшiру құқығы нормаларын, факторингтiк және басқа операцияларды қолданып, Зейнетақы қорына мiндеттi төлемдердiң мерзiмi өткен берешегiн төмендету мiндеттерiн шешу жөніндегі ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақ әлеуметтiк дамуды кредиттеу акционерлік банкi (келісімi бойынша) Зейнетақы қорына мерзiмi өткен төлемдер бойынша есеп айырысу саласында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Қазақ әлеуметтiк дамуды кредиттеу акционерлік банкiмен тиiстi агенттiк келісім жасасын.
4. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Зейнетақы қорына мерзiмi өткен берешектi төмендету жөніндегі жұмысқа жәрдем көрсетсiн.
5. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі жүргiзiлген жұмыстың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ай сайын хабарлап отырсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Павловқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi